Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ақпараттар ағыны


26 июня 2010, 14:39 | 2 375 просмотров


Ақордада 2010 жылғы сыйлықтары мен гранттарын беру және тапсыру отырысы болып өтті

Ақордада Қазақстан РеспубликасыныҢ Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы ПрезидентініҢ бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы 2010 жылғы сыйлықтары мен гранттарын беру және тапсыру жөніндегі Қоғамдық комиссияныҢ отырысы болып өтті, деп хабарлады Мемлекет басшысыныҢ баспасөз қызметі.

Отырыста қоғамдық бірлестіктерден, БАҚ редакцияларынан, шығармашылық одақтар мен мемлекеттік органдардан түскен ұсыныстар қаралды және президенттік сыйлықтар мен гранттарын беру үшін үміткерлерді Мемлекет басшысына ұсыну туралы шешім қабылданды.

«Мектеп бітірушілер кеші»...

Мектеп бітірушілер кештерін өткізудіҢ қарсаҢында тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдыҢ 14-18 маусымы аралығында республика аумағында «Мектеп бітірушілер кеші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінен.

Іс-шара өткізген 5 күнде кәмелетке толмаған алкогольдік ішімдік ішкен 400 бала, түнгі уақытта заҢды өкілдерінсіз интернет-кафеде және компьютерлік клубтарда болған 1,7 мыҢ жасөспірім және қадағалаусыз 1,6 мыҢ бала анықталды.

Әкімшілік жауапкершілікке 2326 ересек адамдар тартылды, оныҢ ішінде балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамаған үшін - 856, кәмелетке толмағандарды әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға тартқан үшін - 22, алкогольдік мас күйге жеткізгені үшін - 58, түнгі мезгілде ойын-сауық мекемелерінде жүрген кәмелетке толмағандарды анықтауда - 144, кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатуды анықтауда - 401 дерек белгілі болды.

Операция барысында 1279 кәмелетке толмаған және 1304 қолайсыз отбасы профилактикалық есепке қойылды.

Жалпы, осы жедел-профилактикалық іс-шараныҢ өткізуі кәмелетке толмағандардыҢ арасында құқық бұзушылықтыҢ алдын алуға оҢ ықпал етті. 120 мыҢнан астам оқу орындарыныҢ түлектері қатысқан мектеп бітірушілер кештерін өткізу аясында бірде бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

Қоғамдық тәртіпті сақтауға және қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мектеп бітірушілер кештерін өткізілетін жерлерде 12,5 мыҢнан астам полицияныҢ қызметкерлері жұмылдырылды

«Назарбаев университетінің» ашылу рәсімі болады

МаусымныҢ 28-де Астанада «Назарбаев университетініҢ» салтанатты ашылу рәсімі болады және «Күшті Қазақстанды бірігіп құрамыз» атты жалпыхалықтық телекөпір өтеді.

Бұл туралы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған. Шара аясында Мемлекет басшысы «Назарбаев университетінің» шетелдік әріптес - жоғары оқу орындарыныҢ өкілдерімен кездеседі деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Университет туралы декларацияға қол қойылады және елімізде іске асырылып жатқан индустриялық-инновациялық жобалардың таныстырылымы болады.