Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Балалы үй базар


3 августа 2017, 05:05 | 4 154 просмотра



Шашылып жатқан үй үйде қызыққа толы өмірдің бар екенінің белгісі. Аталарымыз "балалы үй базар" деп босқа айтпаса керек. Жиһаз сататын дүкендер секілді жинақы, "шашылуға" рұқсат етілмейтін үйде бақытты бала өсіп шықпайды. Барлық нәрсе тек қана өз орнында тұратын, қозғалтып ойнауға тиым салынған үйлерде маxаббаттың кем екенін айтуға болады. Балаларыңыздың үйде емін-еркін ойнауына, қиялға беріліп ләззат алуына жағдай жасаңыз. Жиһаздың ескіруі сізді қатты алаңдатпасын, ескірсе жаңасын аларсыз. Алайда, бала тәрбиесінде жіберген қателіктеріңіз өмір бойы оларды да, сізді де ренжітеді. Кейбір нәрселерді қалпына келтіру өте қиын.Шашылса жинарсыз, кірленсе тазаларсыз. Ертең сол үйіңіздің шашылуын, үйдегі балаларыңыздың шуын сағынышпен іздейсіз. Сондықтан да, бүгінгі күніңіздің қадірін біліңіз, ертең бармағыңызды шайнап, өкініп қалмаңыз!Елжас Ертайұлы«Бақытты отбасы» отбасылық кеңес орталығыInstagram: @yelzhas_ertaiuly_kenesshi

Автор:
bakittiotbasi.kz