Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жаңартылған білім жүйесі зор жауапкершілік жүктейді


24 августа 2017, 10:48 | 1 115 просмотров



Биыл елімізде 380 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды. Яғни былтырғыға қарағанда 10500 бала артық. Соған байланысты жаңа оқу жылында 50 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, 2018 жылға дейін қосымша 20 мектепті іске қосу көзделген.Бұл туралы Астанада өткен мұғалімдердің Тамыз кеңесінде Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты. Оның сөзіне қарағанда, тағы 300 мектепке жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары сабақ басталғанша аяқталуы тиіс.

Бірден айта кетейік, биылғы Тамыз кеңесі – «Қазақстанның үшінші жаң­ғыруы – білімнің үлесі» деген тақырыпта өтіп, министр жаңа оқу жылында көп өзгерістер бола қоймайтынын, был­тырғы белгіленген жоспарлар жал­ғастырылатынын тілге тиек етті.«Мектептердің негізгі міндеті – был­тыр басталған жаңартылған білім жүйесіне өтуді жалғастыру. Биыл қосым­ша 2,5,7 сыныптардың жаңа мазмұнға өтуі біртіндеп жүзеге асуы тиіс» деді министр.Үстіміздегі жылы ағылшын тіліндегі пәндерді енгізу бойынша ауқымды қанатқақты жоба басталады. Республика бойынша 1,5 мыңнан астам мұғалім тіл курстарын тәмамдайды.Е.Сағадиев мұны мұғалімдер мен ата-аналардың өздері қалай қабылдайтынына тоқталып, барлық мектеп директорларымен, мұғалімдермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізілетінін, бұл жұмыстар ағылшын тіліне ауысу шеңберінде атқарылатынын, келешекте қолға алынып жатқан қамқорлық кеңестері мектептің ішкі жұмыстарын ұйымдастыруда маңызды құрылымға айналатынын жеткізді.«Қамқорлық кеңесінің қадағалауымен жоспарлы түрде мектептің академиялық, басқару және қаржылық еркіндігін қалыптастыру көзделіп отыр. Бұл ретте облыс және қала әкімдеріне қамқорлық кеңесін әу бастан дұрыс құру, оның құрамына белгілі қоғам белсенділері мен мәслихат депутаттарын, баспасөз өкілдерін тарту жөнінде айтылды» деді министр одан әрі.Тамыз кеңесінде 2019 жылға дейін балабақшаларға 0-сыныпты енгізіліп, 0-сынып тәрбиешілері мен мұғалімдердің біліктілігін көтеру басталатыны белгілі болды. Сондай-ақ 12 жылдық оқытудың құқықтық нормалары жасалады.Көңіл қойылған тағы мәселе – кәсіптік білім беру ісі болды. Бұл орайда, кәсіптік білім беруді тегін оқыту мәселесі жүзеге асырылуы тиіс. Аталған жоба негізінде 700 мың адам қамтылған.Министр бұл шаруалармен қатар, жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын жұмыс берушілер талабы негізінде қайта қарауға, ғылым саласын қаржыландыру мәселелеріне тоқталды.Осы жерде мұғалімдердің тамыз кеңесінің өзіндік соны сипатта өткенін айта кеткен орынды. Білім беру жүйесінің түрлі салаларындағы өзекті мәселелер Назарбаев Университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында және өңірлердегі секциялық мәжілістерде жан-жақты талқыланды. Пленарлық мәжілістер төрт блок бойынша ұйымдастырылды. TEDХ форматында білім саласының мамандары таратуға лайықты идеялар мен жаңалықтар туралы ой бөлісті.Жаңа оқу жылы алдында бас қосқан мұғалімдер қауымы еліміздің жаңғыруы білім саласындағы біліктілікке тығыз байланысты екенін жете түсініп, соны міндеттер мен жоспарларға байланысты жаңаша іс жүргізу бағыттарын саралады.Кеңес барысында, EduTech білім беру стартап жобаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері кәсіпкерлердің әлеуметтік маңызы бар бизнес-бастамаларын жетілдіру бойынша өз жобаларымен таныстырды. Әлеуметтік желілер мен мобильді қосымшалар арқылы тарату үшін микрофильмдер көрсетілді. Білім беру саласындағы жетістіктерді әйгілейтін көрме ұйымдастырылып, үздіктер лайықты марапаттарға ие болды.Тамыз конференциясы білім саласы үшін тың бастамаларға жол ашты.


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто