Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Әлемдегі ең бай адам instagram желісінде жеке парақшасын ашты


4 сентября 2017, 04:22 | 2 459 просмотров



Әлемдегі ең бай адам Билл Гейтс Instagram әлеуметтік желісіне тіркелді. Ол жеке парақшасын қайырымдылық шараларын насихаттау үшін ашыпты. Әйгілі Microsoft компаниясын құрастырушы жеке парақшасында көл-көсір байлығы мен бақыттан бас айналатын демалысынан суреттер жарияламайды. Ол мұнда әлем халқын толғандыратын, қоғамдағы маңызды мәселелер жайлы сөз қозғап, шешімін табуға септігін тигізбек. Билл Гейтс instgram желісіне Танзанияның (Шығыс Африка) Мухеза провинциясында бастауыш сынып оқушыларымен кездескен сәтінде түскен суретін салды.  Әлемнің ең бай адамының айтуынша, ол жары Мелиндамен Танзанияда жиі болады екен. Миллиардер ел билігіне денсаулық сақтау саласында жеткен жетістіктері үшін алғыс білдірді.  Сондай-ақ елдегі әлеуметтік жағдайларды жолға қою үшін де көмек қолын созбақ. 

Автор:
massaget.kz