Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Бас Прокуратура отбасы күнін ерекше атап өтті


11 сентября 2017, 03:33 | 2 305 просмотров



Еліміздегі отбасы күніне орай ҚР Бас Прокуратурасының арнайы шақыруымен Бас Прокуратура ғимаратында еліміздің барлық өңірлерінің телекөпір арқылы қатысуымен прокурорлар мен жұбайларына арнап семинар-тренинг өткіздім. Бала тәрбиесі тақырыбында өткен семинар көпшіліктің көңілінен шығып, үлкен қызығушылықпен тыңдалуы ерекше қуантты. Семинарымыздың соңы жеке сұрақ-жауаппен жалғасты. Жиналған қауым бала тәрбиесінің үлкен жауапкершілік және өнер екенін сезініп қайттық деген үміттемін. Осы орайда қолдау көрсетіп, Республикалық деңгейде семинар өткізуімізге жағдай жасаған Бас Прокурор Жақып Асанов мырзаға үлкен алғыс айтамын. Жақып мырзаның отбасы мәселесі мен бала тәрбиесіне аса көңіл бөлуі басқа мекеме басшыларына үлгі боларлық деп ойлаймын. Бүгінгі керемет бастама өз жалғасын тауып, одан ары дами береді деп үміттенемін!Ізгі ниетпен отбасылық кеңесші, тәжірибелі педагог, коуч-тренер Елжас Ертайұлы.

Автор:
bakittiotbasi.kz