Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Эйфель мұнарасы қоршалмақ


28 сентября 2017, 10:35 | 1 081 просмотр



Париждегі Эйфель мұна­расының төңірегі оқ өтпейтін шынымен қоршалмақ. Бұл – қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылданған шара болып отыр.Негізі былтыр футболдан Еуропа чемпионатына орай мұнда темір қоршау орнатылған болатын. Алайда қала басшылығы әлемге танымал нысанның сыртқы келбетін бұзады деп есептейді. Сондықтан темір қоршауды, шынымен алмастырған дұрыс. Жоба құны 30 млн еуроға бағаланып отыр. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары келер жылдың мамыр айына таман аяқталуы тиіс.Шыны қоршау орнату жұмыстары жергілікті биліктің Эйфель мұнарасын жаңарту бойынша ауқымды жобасының аясында жасалып отыр. Ол жобаның құны – 300 млн еуро. Бұл сомаға мұнара ішіндегі лифттер жөнделіп, жарық жүйелері жаңартылмақ. Сондай-ақ құрылыстың сыртын бояу да жоспарда бар. Негізгі жұмыстар 2024 жылға дейін аяқталуы қажет. Өйткені 7 жылдан кейін Парижде жазғы Олимпиада ойындары өтеді.

Автор:
anatili.kazgazeta.kz


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто