Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ашық аспан астындағы қонақүй


28 сентября 2017, 10:36 | 1 048 просмотров



Швейцариядағы таулардың бірінде қонақүй пайда болды. Ерекшелігі оның шатыры, қа­бырғасы жоқ. Келушілер ашық аспан астында жатады.Оларға бір төсек пен 2 ша­ғын шкаф беріледі. Бұл үшін меймандар тәулігіне 306 АҚШ долларын төлеуі тиіс. Осы сомаға таңғы ас пен сусындар кіреді. Жүкті тасымалдауға жергілікті фермерлер көмектеседі. Ал әжетхана таяудағы лашықтың ішінде орналасқан.

Жалпы ашық аспан астындағы мейманхана ағайынды екі суретшінің жобасы. Олар әлемге қымбат шипажайларымен танымал Швейцариядағы демалысқа деген көзқарасты өзгертпек болған. Бұл қонақүй жергілікті жұртпен қатар шетелдіктер арасында да танымалдылыққа ие болып келеді. Бүгіннің өзінде оған АҚШ, Австралия, Ирак пен Африка елдерінен 1300-ге жуық адам тапсырыс беріп қойыпты.

Автор:
anatili.kazgazeta.kz


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто