Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіндігі


9 октября 2017, 10:46 | 1 095 просмотров



Жуырда Алматы қаласында қоғамның дене мүмкіндіктері шектеулі жандарға деген қатынасын өзгерту мақсатында Қазақстанның Бірінші Ашық Пара-би конгресі өтті.

«Алма-Ата» әйелдер клубы» қоғамдық бірлестігі, Қазақстан Республикасының арбадағы спорттық би комитеті, К.Әзірбаев атындағы қор және Қазақстан мүгедектері ұжымдарының одағы ұйымдастырған шараға Әлемдік спорттық би федерациясының ресми өкілі Қазақстан Республикасының спорттық би федерациясының қауымдастығы (АФСТРК WDSF) қолдау көрсетті.Конгресс аясында қимыл-тірек аппараты ­за­қымданған қазақстандық спортшы-мүгедектер үшін арбадағы биден шеберлік сабақтары өтті. Айта кетерлігі, арбадағы би – қимыл-тірек аппараты ­за­қымданған адамдар үшін сауығудың амалы саналады. Бимен айналысқан кезде көптеген жаттығулар кешені жасалады. Арбадағы бимен айналысу арқа бұлшық еттерін катайтуға, буындардың қозғалысын ұлғайтуға, омыртқа жотасына жасалатын жүктемені азайтуға, жалпы дене бітімінің, вестибулярлық аппаратының дамуына себепкер болады. Қазір өте танымал бола бастаған осы спорт түрінен тұңғыш жарыс 1975 жылы Швецияда 30 жұп арасында ұйымдастырылған болатын. Ал Қазақстанда бұл жарыс биыл екінші рет өтіп отыр.Конгресте елімізде Пара-би спортын дамыту, жаңа технологиялар мен құралдарды қолдану және басқа осы саладағы өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар түрлі бағыттағы би бағдарламаларынан шеберлік сабақтары өткізілді. Конгресс спикерлері – өз салаларының кәсіпқой мамандары – ҚР Спорттық би федерациясының вице-президенті Ровальд Нагаев, «Алма-Ата» әйелдер клубы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы және ҚР арбадағы спорттық би комитетінің қамқоршылық кеңесінің төрайымы Бент-Анат Бейсембаева және басқалар өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.Конгреске қатысушылар жиын соңында арнайы демалыс бағдарламасы бойынша қалаға саяхат жасап, Медеу мен Шымбұлақты аралады.

Автор:
Дана ХАЛЫҚ


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто