Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Суықта да, ыстықта да


20 октября 2017, 09:20 | 1 052 просмотра



Төтенше жағдайлар қызметі үлкен жауапкершілікті талап ететін сала. Қауіпті қызмет иелері бүгінгі күнге дейін, кез-келген тосын жағдайды алдын алуға үлкен күш жұмсауда. Нағыз құтқарушылар «қолымнан келмейді», «мен жасай алмаймын» дегенді білмейді. Кез-келген уақытта, түнде де, күндіз де аппатты алдын алуға әрқашанда дайын тұратын қызметкерлердің бірден бірі. Сол себепті, олар жақсы дене шынықтыру дайындығын меңгерген, жоғары моральдық сипаттамасы мен психологиялық тұрғыдан мықты көрсеткіштерге жеткен, ой-өрісі жан-жақты, кәсіби білімі терең, деңгейі жоғары маман иесі болуы тиіс.

Құтқарушы апаттардың  салдарын жою және алдын алуға қай кезде болмасын дайын тұрады. Құтқарушының басты міндеті әрбір азаматтың қорғалуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бүгінде құтқарушылар төтенше жағдайларды жою жұмыстарына қатысуға дайын болу үшін арнайы, медициналық, психологиялық әзірлігін, авариялық-құтқару құрылымдарының құрамындағы қызмет дағдыларын  үнемі жетілдіріп отырады.

Әрине, төтенше жағдайға қарсы  тұрып, өз басын өлімге тігер жан болу, екінің бірінің қолынан келер іс емес екені анық. Біз осы сала қызметкеркерлерінің тынымсыз еңбегін мақтан етеміз. Неге десеңіз, өзге салаларға қарағанда құтқарушылар мамандығы өте қиын және қауіпті. Сонымен қатар, күнделікті дабыл бойынша отпен күресіп, төтенше жағдайларды алдын алып, оларды жою жұмыстарын атқарады. Бұл әрекетте құтқарушы жұмысының қауіптілігі зор екені соншалық оның әрбір басқан қадамы соңғы болуы мүмкін. Құтқарушылардың тынымсыз тіршілігі тәртіп пен тиянақтылықты талап ететін ерең еңбек.

Төтенше жағдай кезінде жұмысты дұрыс үйлестіріу мен ұжымның ауызбіршілігі аса маңызды. Батыл мамандар елдің кез-келген жеріне жедел көмекке келуге дайын. Осындай батыл мамандардың бірі Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің Талғар қаласындағы №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау майоры Ернат Қойшыбайұлы Қарынбаев. Ол – 1976 жылы 2 сәуірде Алматы облысы Райымбек ауданы Кеген ауылында дүниеге келген. Ернат Койшыбайұлы азаматтық қорғау органдары қатарында 2000 жылдан қазіргі уақытқа дейін Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің Талғар қаласындағы № 2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженер лауазымында қызмет атқарып келеді.

2010 жылдың ақпан айында Алматы облысы Іле ауданы Күрті су қоймасында жауған жаңбыр мен еріген қар салдарынан жиналған су ернеуінің асуына байланысты, су тасқыны қаупі болуын алдын-алу үшін Талғар қаласындағы № 2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы азаматтық қорғау майоры  Е. Қарынбаевтың жетекшілігімен АСА-20 құтқару көлігінде төтенше жағдай орнына шықты.

Төтенше жағдай орнына келген сәтте, Е. Қарынбаев Төтенше жағдай департаменті басқа жедел қызметтерімен бірлесіп, төтенше жағдайды алдын алу үшін Күрті су қоймасында су бөгетінен суды асырмау және елді мекендерді су баспау үшін белсенді жұмыстар атқарды. Жеке құрам үш тәулік бойы апат орын алған жерде болып, су құятын құбырларды орнату үшін дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп, жатқан орындар мен штабқа жарық беру, авариялық-құтқару құралдарымен қамтамасыз ету жұмыстарын ойдағыдай атқарды.

Е. Қарынбаевтың қайсарлығы мен алғырлығы арқасында төтенше жағдай орнында жеке құрам, күштер мен құралдар ұтымды шаралар қолдану арқылы адамдарды қауіпсіз орындарға жеткізіп, алдын алу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Е. Қарынбаев нысандардағы ірі өрттерді де сөндіру кезінде өзінің батылдығының арқасында жеке құрамды ұтымды жұмылдыру және белгіленген орынға дер кезінде жетуінің негізінде көптеген материалдық құндылықтарды аман алып қалған.

2011 жылы 05 мамырда Қазақстан Республикасының «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Иә, құтқарушы сынды жауапты жұмыстарында жүрген ұжым мүшелерінің еңбегі, қай жақтан болса да құрметке лайық. 19 қазан - Құтқарушылар күні ретінде өрт сөндіру мамандарының кәсіби күні болып белгіленген. Бірі білсе, бірі білмейтін бұл атаулы күннің маңыздылығы зор. Біз өмір мен өлімнің арасында жүріп, ел үшін ерен еңбек сіңіріп жүрген қызметкерлерді мақтан етеміз.

Алматы облысы ТЖД

«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару

жұмыстары қызметі»

мемлекеттік мекемесінің

мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Автор:
Алматы облысы ТЖД


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто