Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жапон боксшысы Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды


23 октября 2017, 10:44 | 1 077 просмотров



Орта салмақта WBA нұсқасы бойынша жаңа тұрақты әлем чемпионы Риота Мурата қазақстандық Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Жапон боксшысы Токиода камерундық Хассан Н'Дам Н'Жикамды жеңгеннен кейін орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымызбен жұдырықтасқысы келетінін айтқан. - Мен жекпе-жектің бұлай аяқталғанына таңданып та тұрмын. Қарсыласым жекпе-жекті жылдамырақ аяқтағысы келді.

Екеуміз де қатты шаршадық. Мен кездесуді жалғастыра түсіп, шыдамдылық таныттым. Ол жекпе-жекті тоқтатты.  Орта салмақта менен де мықты боксшылар бар екенін жанкүйерлер біледі.

Соның бірі – Геннадий Головкин. Мен оны жеңу үшін бар күш-жігерімді салатын боламын, - деді боксшы. Айта кетейік, Риота Мурата мен Хассан Н'Дам Н'Жикам арасындағы бірінші жекпе-жекте камерундық боксшы жеңіске жеткен еді. Кейіннен сол кездесуде төреші болған Густаво Падилья мен Хьюберт Эрл Хассан Н'Дам Н'Жикамға жеңісті бергені үшін 6 айға жұмысынан шеттетілген болатын. Риота Мурата орта салмақтағы boxrec рейтингінде 17-орында келеді. 13 жекпе-жек өткізіп, 1 кездесуінде ғана жеңілген.

Автор:
massaget.kz


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто