Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ғасырлар тоғысындағы Алаш идеялары


7 ноября 2017, 04:07 | 2 891 просмотр



Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ҚазҰУ, Түркия Республикасының Гази университеті, Түркі тарихи қауымдастығы және «Ақ жол» партиясының бірлесіп ұйымдастыруымен «Ғасырлар тоғысындағы Алаш идеялары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Қазақ халқының тәуелсіздік жо­лын­дағы күрестеріне жол бастаған «Алаш» идеясы тарихы мен сол бағытқа өмірін арнаған Алаш қайраткерлері және оның мұрагерлерінің тартысқа толы тағдырының тәуелсіздік тұрғы­сы­нан маңызын ашып көрсетуді мақсат тұтқан конференцияны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универси­те­тінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ға­лымқайыр Мұтанов кіріспе сөзбен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.Мінберге көтерілген Түрік тарих қауымдастығының президенті, профессор, тарих ғылымының докторы Рефик Туран Ата жұртымыз Қазақстанға Түркияның ыстық сәле­мін алып келіп отырмын деп сөзін ­бастап, екі елдің арасын байланыстыратын тарихи деректерге тоқталды. Қазақстан түркі халықтарының негізгі Отаны дей келе, екі мемлекет те таңы жарқырап, мәңгілік болсын деген тілегімен сөзін аяқтады.«Ақ жол» демократиялық партия­сы­ның төрағасы Азат ­Перуашев ­Елбасы Н.Назарбаевтың «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деген сөзін атап өтіп, партияның атқарып отырған жұмыстарына тоқталды.ҚР ҰҒА академигі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық уни­верси­тетінің Т.Садықов атындағы Қазақ­стан тарихы кафедрасының мең­герушісі Мәмбет Қойгелдиев «Алаш қозғалысы: жаңа фактілер мен тұжырымдар» тақырыбында ­баяндама жасаса, Гази университетінің профессоры, Түркітану ғылыми-зерттеу орталығының директоры Хүлия Касапоғлу Ченгел «Түркістан әдебиетіндегі Алаш» тақырыбына кеңінен тоқталды. Х.Ченгел негізгі баяндама жасаған ғалым ­М.Қойгел­диевке алғыс айтып, жалпы қазақ­стандық алаштанушылар алдында бас иетіндігін шын ниетімен жеткізді. «Алашқа арналған конференцияны Ата жұртымыз Қазақстаннан бастап, түркі бауырларымыз түрік елінде жалғастырамыз. Қанша конференция ұйымдастырсақ та біз қарызымызды ешқашан өтей алмаспыз» деген Х.Ченчел Алаш арыстарының өлең жолдарынан үзінділерді жатқа оқып, жастардың рухын көтерді.«Көздерiнде от ойнар,Сөздерiнде жалын бар,Жаннан қымбат оларға ар,Мен жастарға сенемiн!» деп рухтан­ған ғалым сөзін Мағжан Жұмабаев­тың «Мен жастарға сенемін» өлеңімен аяқтады.Шара аясында алаштанушы ғалым М.Қойгелдивтің «Алаш» қозғалысы атты зерттеу еңбегінің 2-ші томының тұсаукесер рәсімі өтті.Конференцияның екінші кезеңі 27-қарашада Анкара қаласында жалғасады.