23 июля 2010, 10:13 | 3 792 просмотра
Оқу үрдісінде оқушының коммуникативтік құзырлығын қалыптастыру ең өзекті мәселе.Сабақ барысында проблемалық мәселені таба білу, оны шешу оған деген өзіндік ой-пікірін білдіру оқушы үшін оңай емесі анық. Алайда, оқушыны дебат технологиясына орта буынан бастап үйретсек, жоғарғы буынға келген оқушымен жұмыс жүргізу оңай болады. Себебі дебат технологиясы оқушының сөздікпен, тақырыпқа сай басқа да материалдармен, ғаламтормен, баспасөз материалдарымен еркін жұмыс істеуге баулиды. Ал ол өз бетінше ізденіп, оқушының өзіндік ой түйіндеуіне әкелері сөзсіз.
Дебат технологиясы мектеп жасындағы оқушыларға 2 кезеңмен беріледі. Екі кезеңде де топ құрамы 3 спикерден құрылады. I кезеңде тақырыпқа сай топ оқушылары материалдарын жинап, оны зерделеп, басты ұстанымын (критериін) анықтайды, әрі осы критериді айқындайтын аргументтерді дәлелімен логикалық бірізгілікке негіздейді. Қойылатын басты шарт топ міндетті түрде кейстарын бірге отырып, жасау керек. Кейс құрылып болғаннан кейін әр спикер өз міндетті бойынша жұмыс жасайды. Бұл тұста оқушылар сөйлейтін сөзінің уақытқа сай болуын, оның әр айтылған ойының келесі оймен қабысып, жатуының әрі дәлелі болуын міндетті түрде ескеруі керек.
Оксфорд және Кембридж университетінде жасалған құзырлықты бағалаудың «Негізгі құзырлықтар -2000» бағдарламасында құзырлықты меңгерудің әрбір 5 деңгейі А,Б,С деген үш бөлімнен тұрса, дебат технологиясында топ 3 спикер тұрады. 1ші спикер топпен тақырып бойынша құрылған кейсті жүйелі таныстырады. 2-ші спикер қарсыластарын зейін зая тыңдай отырып, олардың ұсынған ұстанымдарына қарсылық көрсетеді. Ойын шарты бойынша қарсылық критерий мен аргумент арасындағы логикалық байланысқа, аргумент пен дәлелдің арасындағы бірізділікке негізделуі керек.міндетті түрде мен аргу логикалық байланысқа аргумент пен факт арасында бірізділікке негізделу керек. Әркім өз тобының ұсынымдарын бекітіп өтіуі қажет. 3-ші спикер ойын барысында екі жақтың ұсынған ұстанымдарын саралап, өзінің ұтымды жақтарын нақтылап өту әрі қарсыластарының ойындағы жіберген негізгі кемшіліктеріне жан-жақта талдау жасауы керек.
Дебат технологиясының ұтымдылығы да осында. Өйткені материалдарды жинап, оның негізгісін айқындай білген оқушы әдебиет сабағынада да, өмірде де кез келген тақырып аясында өзіндік пікірін ортаға тартымды түрде бере алады.
Карл Поппер бағдарламасының 2-ші сатысы - саяси формат. Бұл жоғарғы сынып оқушыларына арналған бағдарлама. Мұнда оқушы туындайтын негізгі мәселені қарастырды.Одан кейін мәселенің туу себебін анықтайды.Ең бастысы осы мәселені шешу жолдарын қарастыруында Бұл саяси форматтың ұтымдылығы сол оқушы тақырып төңірегінде қорданланып қалған мәселелерді өзіндік көзқараспен шешуге ұмтылады. Бұл оқушыны өзін ересек адам ретінде сезінуге алып келеді, әрі оған үлкен жауапкершілік жүктейді.
Сондықтан саяси форматты меңгерген оқушылар олимпиада, ғылыми жобалар жарысы т.б. жарыстар да өздерін еркін ұстайды. Ойларын қысылмай, жан-жақты жеткізеді.
Пікірталастың ең биік шыңы- пікірсайысты меңгерген оқушы бойында өзіндік сөйлеу стилі қалыптасады. Кез келген ортада өзін-өзі ұстай білуін, сөзінің тартымды әрі ойының дәлді болуымен ерекшеленеді.
Сондықтан орта буынан бастап оқушыларды осы технологиямен сөйлеуге үйреткен абзал.Әрине, бұл технологиямен жүргізілетін жұмысты сыныптан тыс уақытта оқушыларға үйрету керек. Басында әр сыныптан 2 команда дайындаған ыңғайлы, өйткені сабақ барысында пікірталас туындағанда 2 топтың оқушылары ой қақтығысын жеңіл алып кетеді. Әрі қалған оқушыларды тақырыпқа қызықтырады.Мұғалімнің сабақты қызықты өткізу өз алдына, ал өзінің сыныптасы тақырыпты қызу талдап жатқанда қандай оқушы болса да бей-жай қалмайды. Ол да өзінің көзқарасын ортаға салуға тырысады. Сондықтан әр сыныпта дайын 2 топтың болғаны дұрыс.
Биылғы оқу жылында 5-6 сыныптар арасында «Менің атым - Қожадағы» «Қожа - жақсы бала», «Қожа - жаман бала», М.Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі Көксеректің әрекеті дұрыс, дұрыс емес» деген тақырыпта лицейішілік турнир өткіздік. Пікірсайысқа дайындалу барысында топ мүшелері міндетті түрде көркем шығарманы оқып шығады. Өзара талдап, кейс құрады. Оны жаттықтырушымен жеке отырып талдайды. Содан кейін топтың әр мүшесі өз міндеттеріне дайындалады. Әр оқу жылында 3-4 тақырып аясында пікірсайысқа жүйелі қатысып отырған оқушымен жоғарғы сыныпта жұмыс істеу кез келген мұғалімге оңай болады. Әрі оқушы өзінің алған білімін өмірде қолдана алуға әбден машықтанады. Сондықтан дебат технологиясын міндетті түрде мектеп бағдарламасына енгізу керек. Оқушы алған білімін саралай алса, өзіндік ойын еркін жеткізсе, әрі білімін өмірде қолдана алса, құзырлық дегеніміз осы емес пе?! Ал оқушыны осы дәрежеге жеткізетін технологиялардың бірі-дебат технологиясы. Сондықтан мектеп бағдарламасына дебат технологиясын міндетті түрде қалыптан тыс сабақ ретінде еңгізу керек.