Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Самила»- 38-ші жекеменшік балабақша


30 ноября 2017, 06:11 | 2 019 просмотров



Елбасы күні қарсаңында қаламызда ақжолтай жаңалықтар легі толастамауда. Мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясында  салынған  тәрбие  беру ордасының  қатары көбейіп, оны   «Самила»  балабақшасы толықтырды.

 Екі қабатты ғимарат «Жигули» ЖШС демеушілігімен   бой көтерген.  Сәніне  сапасы сай балабақша 125 балдырғанға лайықталған.

  Балалар мен ата-аналардың қуанышын бөліскен  Талдықорған қаласының әкімі Б. Қарасаев ізгі тілегін жолдады:

– Ең алдымен, мемлекеттік және жекеменшік әріптестік бойынша атсалысып отырған кәсіпкерлерге  ризашылығымды білдіремін. Жаңадан бой көтерген мектепке дейінгі білім беру мекемелері жас өскіндерді тәрбиелеп, ой- өрістерінің өсуіне, яғни білімді болып ер-жетуіне ықпал етеді деп сенеміз. Қуаныш құтты болсын!

37 адам  жұмыс орнымен қамтамасыз етіліп отыр. Бүлдіршіндерге тек тәрбие беріп қана қоймай, олардың спортпен, музыкамен  айналысуына баса назар аударылған.

Қазіргі таңда Талдықорған қаласында 62 балабақша бар. Оның 16-сы мемлекеттік,  38-і  жекеменшік, 8-і шағын орталық болып саналады. Оларда 7 мыңнан астам бөбек тәрбиеленуде.  Бөбектерді  балабақшамен қамту үлесі қалада  95 пайызға жетті. Қадамдық жоспарға сәйкес 2017 жылы қаламызда мемлекеттік тапсырыс негізінде 5 жекеменшік балабақша және 25 орынды қосымша  бір топ ашу  жоспарланып, орындалуда.