Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ұлттық банк өкілі: Жаңа 500 теңгеде қазақстандық шағалалар бейнеленген


5 декабря 2017, 04:53 | 2 949 просмотров



«Жаңа банкнотаны жарыққа шығармай тұрып Ұлттық банктің суретшілері мен дизайнерлері үлкен жұмыс жасайды. Биылғы 22-қарашада айналымға енген 500 теңгелік банкноттағы шағалаларды суретшілер Касспидегі құстарды елестетіп отырып салған.

Erkebulan-300x222.jpg

Құстың ұшып бара жатқан тұрысы барлық шағалаларға тән. Әрі бір-біріне ұқсас. Сондықтан оны ешкім ғаламтордан көшіріп алған жоқ». Бұл туралы Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Еркебұлан Қарақонысов мәлімдеді.

Айта кетелік, осыдан біраз бұрын швейцариялық фотограф Марсель Буркхард фейсбуктегі парақшасында «Қазақстадық 500 теңгедегі 2 шағала менің суретім. Ол 100 пайыз сәйкес келеді» деп мәлімдеме жасаған. Әрі, Швейцариядағы Қазақстан елшілігінен және ҚР Ұлттық банкінен өзінің авторлығын тануды, сондай-ақ компенсация беруді талап еткен.  Өз кезегінде еліміздің Ұлттық банк мамандары тиісінше мәлімдеме жасап, бұл ұқсастық болуы мүмкін екенін айтқан.

Талдықорғанда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банкінің Алматы облыстық филиалының директоры Ернар Жұмабеков те осы мәселеге қатысты өз ойын айтты.

Ernar-300x237.jpg

«Менің пікірімше, швейцариялық фотограф өз танымалдығын арттыру үшін осылай істеп отыр. Қалай болғанда да, мәселе заңды түрде шешімін табады деп ойлаймын. Шағалалардың азаматтығын ажырату қиын ғой)» деп жауап берді.

Спикерлер атап өткендей, жаңа 500 теңгелік пен ескі банкнота 2020 жалға дейін бірдей қолданыста болады.

«Неліктен теңгенің дизайны жиі ауысады?», «Бұл ұлттық валютамыздың құнсыздануын білдірмей ме?» деген сауалдарға Ернар Жұмабеков былай жауап берді: «Әлем бойынша 7-8 жылда банкноталарды жаңарту, дизайн ауыстыру қалыпты үрдіс саналады.

24650679_1600196103380286_662203883_o-300x159.jpg

Біз бүгінде «Бәйтерек» сериясындағы банкноттарды «Қазақ елі» сериясына ауыстырып жатырмыз. Біріншіден, бұл банкнотаның қорғанысын арттырса, екіншіден елдегі өзгерістерді, тарихты білдіреді. Бұл тұрғыда Қазақстанның теңгесі әлемдегі валюталар ішінде дизайны жағынан ең әдемісі».

Автор:
Taldykorgan-online.kz