Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Үй жануарларының таласы


23 июля 2010, 10:52 | 6 020 просмотров


Тлеужанова Сабира Шопанқызы. 1963 жылы Талдықорған облысы Сарқан ауданы, Қойлық аулында дүниеге келген. Мамандығы балабақша тәрбиешісі. Жалпы еңбек өтілі 9 жыл. Сарқан қаласы «Балдырған» балалар бақшасында жұмыс істейді.

Білім беру саласы:

1.Тіл дамыту – қатынас

2. Сурет-шығармашылық

Тақырыбы: «Үй жануарларының таласы»

Мақсаты: Заттың бейнесін беруде үзік сызықтарды үйлестіре сызуға үйрету саусақпен сурет салу тәсілін дағдыландыру. Балалардың қызығушылығын арттыру шығармашылық қабілетін дамыту.Өнерге құштарлыққа эстетикалық талғампаздыққа баулу,жануарларға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, көрсету, ойын

Қолданылатын көрнекіліктер: Ойыншық жануарлары, үлгі сурет, ғажайып алаң тақтасы

Керекті құрал-жабдықтары:Тіс пастасы, қарындаш, қағаз, сүлгі

Оқу іс-әрекетінің барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

Аптаның қай күні, жылдың қай мезгілі екенін анықтап алу.Өткен сабақты қайталау.Үй жануарларын балалармен бірге қосылып айту

Балалар мен сендерді ертегі тыңдауға шақырамын. Бұл ертегі «Үй жануарларының таласы» деп аталады. Бір күні сиыр, жылқы, қой, ешкі,түйе өз жұмыстарын айтып таласады. Сиыр айтады: Қожайын мені жақсы көреді етімді жеп, сүтімді ішіп, құрт, ірімшік, май жасайды терімді тон қылып киеді деп, кезекпен жануарлар таласып жатиқан кезде қожайын естіп: сендер босқа таласпаңдар, маған бәріңде керексіңдер деп оларды жайылымға жібереді.

Сергіту сәті: Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың.

Бұлтиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың.

Ертегіні әрі қарай тыңдасақ, кешке жақын қожайын малдарын қораға жайғайын десе,малдары жоқ.

Балалар біз атайға малдарын шақырып беруге көмектесейік.

Дид. Ойын «Төлдерді қалай шақырады?»

Ойын шарты: Ғажайып алаңды айналдырып конвертте жазылған тапсырманы орындаймыз.

Мысалы: Тапсырма: Қой баласын қалай деп атайды және оны қалай шақырады?

1-бала Қой баласы қоңырым

Ұя бұзбас момыным.

Зеңгі бабам өсірген

Қошақаным қайдасың?

Пұшайт, пұшайт.

2-бала Жүнін жұлсам бақырған

Ешкі атасын шақырған.

Өрісте өскен жануар

Шөкетайым қайдасың?

шөре-шөре

3-бала Жолға шықсам көлігім

Жапанда жүрсем серігім

Қамбар ата өсірген

Құла атым менің қайдасың?

Қыру-қыру

4-бала Тілімен мұрын жалаған

Тілімен бойын тараған

Көкке мұрнын шүйірген

Зеңгі бабам өсірген

Әукешім менің қайдасың?

Аухау,аухау

Міне, балалар атайдың төлдерін тауып бердік.Осымен ертегі аяқталды.

Тағы жануарлар туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Енді балалар біз кішкентай момақан қозының суретін салып көрейік. Қолымдағы үзік сызықтар арқылы сызылған қозының суретін көрсетіп, оларға үзік сызықтарды қосуларын сұраймын.Олар үзік сызықтарды қосып болған соң,қарындашты қойып тіс пастасымен қозыны бояуға үйретемін (көрсетемін) Балалар біз жұмысты таза шетіне шығармай салуымыз керек.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Қозының сырт бейнесін айта білу.

Болу керек: эстетикалық талғампаздық.

Үйрену керек: Заттың бейнесін беруде үзік сызықтарды үйлестіре сызуға үйрету, саусақпен сурет салу тәсілін үйрету.