Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Мұғалім өліміне жауаптылар 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін


11 декабря 2017, 12:33 | 1 040 просмотров



Бүгін Талдықорған қалалық сотында мұғалімді ұрған 4 жігітті прокурор 2 жарым жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.   Бақытжан Батыршаев есімді азаматты төрт адам қаладағы дәмханалардың бірінің алдында соққыға жыққан. Ауыр соққы алған 37 жастағы азамат ауруханаға жеткізіліп, екі күннен кейін көз жұмған. Жәбірленушінің зайыбы бұл қасақана істелген қылмыс дейді. Толғанай Омарованың сөзінше, күйеуін 5 жігіт дәмханаға  іздеп келіп, кек алған. Ал істің осыншама насырға шабуына оның төбелес кезінде досына араша түспегені себеп болған көрінеді. Алайда бес адамның біреуі куәгерге айналып, 4-еуі қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. 3 жігіттің үстінен  бұзақылық бабы бойынша іс қозғалып, айып тағылған. Бірақ  жәбірленушінің жолдасы  бұл тым жеңіл жаза дейді.   «Бүгін прокурор айыпталушыларды  2 жарым жылдан 8 жылдан  дейін соттауды сұрады. Жұрынбаев Сәрсенді 8 жылға, ал Абай Исаев пен Ерлан Мыңбаевты 4 жылға, Роллан Мұратбековты 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда бұл әділ жаза деп санамаймын. Қылмыскерлер бұзақылық бабы бойынша емес, адам өлтіру бабы  бойынша нақты жазасын алса деп өтінемін. Себебі бұл қылмыскерлер күйеуімді қасақана өлтіруге келген. Тіпті пышақ алып келген. Күйеуімді өлімше етіп сабаған», дейді жәбірленуші Толғанай Омарова.    Сондай-ақ сот процесі барысында сотталушылар істеген әрекеттеріне қатты өкінетіндіктерін жеткізді. Қаза болған Бақытжан Батыршаевтың туыстарынан кешірім сұрады. Істің қасақана болмағанын алға тартты. Ал жәбірленуші тарап әр бір сотталушыдан 2 млн теңгеден моральдық шығын өндіріп беруді талап етті. Мерт болған Бақытжан Батыршаев Талдықорған қаласындағы №4 мектепте дене тәрбиесінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Оның  артында жары, екі кішкентай қызы және ата-анасы қалды.

Автор:
Taldykorgan-online.kz


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто