Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Басты мақсат – мәдениет қалыптастыру


11 декабря 2017, 12:33 | 1 042 просмотра



9-шы  желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні.  Осыған байланысты ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті  жалпы 65 шара өткізуді  қолға алған. Соның бірі Талдықорған қаласындағы  Б.Римова атындағы облыстық драма театры ғимаратында  ұйымдастырылды.

 «Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек» демекші, тәрбиелік мәні зор сахналық қойылыммен басталған  шара көп көңілінен шықты. Жиналған қауым алдында сөз алған департамент басшысы Серікбай  Нұрғисаев: « Қазір сыбайлас жемқорлық  бүкіл әлемдегі әрбір елді алаңдатып отырған басты мәселе. 2003 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында 9-шы желтоқсан дүниежүзілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні деп белгіленген еді. Мұндағы мақсат – үкіметтің, жеке сектордың, бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтық қоғамның  назарын аударып, жемқорлыққа  қарсы күреске  шақыру. Бұл індет ұлан-ғайыр жері, Тәуелсіз елі,  төл теңгесі, жеке экономикасы бар Қазақстанда да белең алып кеткені жасырын емес. Сондықтан, оның алдын алып, азаматтардың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастру қажет. Мәдениетті адам мұндай әрекеттерге ешқашан бармайды. Мәдениетті адам деген сөз Тәуелсіз мемлекеттің ар-ұжданы, абыройы. Ол елінің ертеңін, ұлтының болашағын ойлайды. Сол себепті, мектеп табалдырығын енді аттаған жасөспірімдерден бастап мәдениетті болуға үйретуіміз тиіс. Бүгінгі қойылымда соны дәріптейді. Осы бағытта қазір Жетісу жерінде көптеген жұмыстар атқарылуда. Мәселен, биылдың өзінде аймақта 1700-ден астам іс-шара өтті. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілер арасында бірқатар заң бұзушылықтар анықталып, Әдеп кеңесінде қаралып, тиісті жаза  тағайындалды. Мұндай жұмыстар бұдан былай да жалғаса беретін болады» – деді.

 Осыдан соң Серікбай Өрікбайұлы Департамент тарапынан өткізілген журналистер арасындағы байқау жеңімпаздары мен үздік жоба игері атанған студенттерді марапаттады.


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто