Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТУҒАН ЖЕРГЕ САҒЫНЫШ


12 декабря 2017, 09:41 | 1 043 просмотра



«Туған жер» бағдарламасы Қазақстандық патриотизмнің даму философиясы ретінде».

 Елбасымыз таяуда жариялаған «Болашаққа  бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалақ сипатты мақаласында «Туған жер » бағдарламасын қолға алуды ұсынады.Мемлекеттік басшылық отансүйгіштік сезімін кіндік қаның тамған жеріңе,өскен ауылыңа,қалаң мен өңіріңе,яғни туған жеріңе деген сүйісіпеншіліктен басталатынын қадап айтты.

Қазақ елінің кез келген аймағында ежелгі,ортағасырлардағы және жаңа заманға қатысты тарихи жәдігерлерді немесе деректерді көптеп кездестіруге болады.Мәселе соларды танып біліп, табылған мәліметтерді жүйелеп, зерделеп, оларды жастар тәрбиесіне тиімді пайдалана білуді үйренуде.

Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын.Оның ауқымды ізінше оп –оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады. Мәселен, «Ауылым -әнім» атты әнді айтқанда, «Туған жерін саған,сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деп шырқайтын едік қой.Мән беріп қарасақ, бұл –мағына өте терең сөздер.Бағдарлама неге  «Туған жер» деп аталады? Адам баласы –шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі.Туған жер –әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір –бақи тұратын өлкесі.Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды.Туған жерге,оның мәдениеті мен салт –дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу-шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі»,- деп түсіндірді Мемлекет басшысы.

Елбасымыздың пайымынша,бұл кез келген халықты әншейін бірге салған қауым емес, шын мәнінде ұлт ететін мәдени –генетикалық кодының негізі.Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан –ғайыр ауқымы ғана қорғаған жоқ.Олар ұлтттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады.

Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті.  «Туған жерге деген сүйіспеншілік нені білдіреді, жалпы, бағдарламаның мәні неде?Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудағы көрініс тапса игі.Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді.Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар.Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстыққа сая болған, есімдер ел есінде сақталған біртуар перзенттер бар.Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс»,-деп жазады Елбасы Н.Ә. Назарбаев.

Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Күрметі  жері. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ емеспін. Балабақшадағы күндерім... Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн... Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық... Бәрі-бәрі қазіргідей көз алдымда. «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы,тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді.Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар.

Мемлекет басшысы «Туған жер» бағдарламасының мәнін түсіндіре келіп білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізудің маңыздылығына назар аударуды.Орта мектепте туған жердің тарихын оқыту ісіне назар аударады.

Менің сағынышым туған жерге.Баршамыздың тағдырымыз Туған- ел тағдырымен тамырлас. «Басқаның табанына батқан шөгір менің маңдайыма батсын деп» -адалдақ пен қамқор пейілді әспеттеп отыратынымыз да сондықтан.

Туған елін, жерін көзінің қарашығындай сақтау әркімнің парызы. Қайткенде де жастар яғни біз, кейінгі ұрпақты туған Отанын, елін қорғап тіпті оның мақсат мүддесі үшін жанын қиюға әзір тұру, рухында тәрбиелегенбіз.

Бұл халықтың абыройы, ұлтымыздың мақтанышы.

Туған жер-адам өмірінде киелі орын алады.Нақты осы жер оны елімен және болашақпен байланыстырады.

Менің туған жерім Алматы облысы,Райымбек ауданына қарасыты Күрметі ауылы.Дәл осы жерде менің көңілді, шаттықа толы уайымсыз балалық шағым өтті.Үйдің алдында достарыммен, бауырларыммен ойнағаным және мектеп әлі есімде. Біздің ауылда ол езде көлік өте сирек жүретін, бірақ ауыл арасында халық ат арбамен жүретін, ат көлік болатын.

Мен өзі аулыма бармасамда, оймен қиялмен жиі барып қайтамын. Балалық шақты сағынамын. Әрине қайта оралып келмейтіні айдан анық. «Қызым,үйге кір...»-деген анамның сөздері еске түседі.Жүректің әлсіз дүрсілі естілед.Қазір мен есейіп өз алдыма отбасын құрдым, бірақ өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған ауылым, аула мен көше, менің кішкентай –Отаным.Туған елін, жерін сағынбайтын, сүймейтін жан жоқ шығар.

Менің туып өскен жерімнің табиғаты өте тамаша, таулы-нулы орман. Шығыс жағымызда аты әлемге әйгілі «Көлсай», «Қайыңды» көлідері бар. Батыс жағымызда «Талды», «Құдырғы», «Өрікті»- киелі де, иелі жерлер бар.Оңтүстік жағымызда «Қасқатөр» мәңгі үстінде қар жататын заңғар алып тауымыз көсіліп жатыр. Солтүстікте «Таушелек» өзені бар. Дәл осындай кермет таза ауасымен,жасыл желекке оранған табиғат аясында менің балалық шағым өтті. Мөлдір таза бұлақтан шөлімізді қандырын, көк желекке оранған тау бөктерінде домалап, асыр салып ойнаушы едік.Балалық балғын шағымды есіме түсірген сайын, сағыныштан көзіме жас келеді. Есейіп, ес кіргеннен кейін, бұрын үлкен кісілер айтып отырғанда әңімелеріне балалықпен  мән бермейтін едік, дәл қазіргі уақытта көкейімде жүрген бір алаңдаушылық бар.

Кезінде біздің өлкеде Болыс Маман мекен еткен. Маманның әкесі Тасыр 1905жылы ақ патшаға қарсы болғаны үшін итжеккенге айдап жіберген. Болыс Маман Туған жерінен қашып бара жатқанда елімен,жерімен қоштасып,былай деген екен.

Таушелек аманбысың,албан жерім,

Қыз бозбала сайранды салған жерім.

Таушелек аманбысың,туған жерім,

Көбелекке жейдемді алып қуған жерім.

Аршалы жайлау Қасқатөр,

Самалы суық салқын-ай,

Тобылғылы Құмтекей,

Жетпейде қапты халқына –ай

Қарқара қалдың кейін асыменен,

Таушелек Жіңішкенің басыменен,

Айырылып өз жеріңнен кеткеннен соң,

Бет жудым көзден аққан жасымменен.

Қарқара қалдың кейін табанменен

Біз қалдық жүйрік өтіп шабанмен

Албанның мың жылқының жүйріктісі

Жабымен тең болдың –ау сабан жеген.

(Болыс Маман)

Ерте кезде Күрметіде қалмақтар көп мекен еткен. Олар осы жерлерге егін егіп, оны суарып шаруашылықпен айналысқан. Сол кезде халық техниканың жоқтығына қарамастан су құбырларын, арықтар жасаған.

Менің туған жерімнің табиғатын тамашаламаған ел жоқ шығар...Қазіргі кезде шет мемлекттерден келіп, табиғаттың тамашалығына тамсанады. «Көлсай көл» арнайы демалыс орнына айналды.

Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын. Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге  жұмыла отырып,  қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер…еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын.

Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы.Мен оны білемін.Онда татарлар да,орыстар да,қазақтар да,бар.Олардың тағдырын,өмір тарихын,тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі,оны жақсырақ түсіне бастаймын.Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихамен ұқсас. Өмірдің қиын кезеңдерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған.Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерде тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы Қазақ халқының татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы көркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық –болашақтың гүлденуімен маңызды болып табылады.

«Отан-оттан да ыстық» деген дана халқымыз, адам баласының ең бірінші, ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, екінші,Отанға деген жалынды ыстық сезім  орын алады екен. Мен өз Отанымды,Туған жерімді,құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін.Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қосамын деп ойлаймын.

Автор:
Майгүл Жапақова, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп –гимназиясы. Талдықорған қаласы.


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто