Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Желтоқсандықтармен болған кездесу


14 декабря 2017, 07:10 | 2 373 просмотра



Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Тәуелсіздік күні қарсаңында 1986 жылдың желтоқсанында болған оқиғаға қатысқан азаматтарды қабылдады. Жыл сайын болатын кездесуге осы жолы 30-ға жуық адам қатысты. 

Жиын барысында өңір басшысы Амандық Баталов қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтай келе, мәжіліс залына жиналған әрбір азаматтың егеменді ел болу жолында сіңірген еңбегінің ерен екендігін атап, осы азаматтардың күнделікті өмірде жастардың бойына ұлтжандылықты дарытуға атсалысып жүргендігі үшін алғысын білдірді. 

Осыдан кейін облыс әкімі жылдың қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып өтті. Атап айтқанда, өнеркәсіп саласында қаңтар-қараша айлары аралығында 608,6 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 105,0 % құрады. Ал ауыл шаруашылығында жалпы көлем индексі 102,5% болатын 611,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Осы мерзім аралығында 475,6 млрд. теңге инвестиция тартылып, 25 737 жаңа жұмыс орны құрылды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында әлеуметтік салада да көптеген игі істер жүзеге асты. Биылдың өзінде облыс бойынша 28 мектеп пен 98 балабақша салынды. Сондай-ақ өңір басшысы облыс орталығын дамыту мәселесіне тоқталып, жаңадан бой көтерген Салтанат сарайы мен Көрме кешені, қаланы газдандыру жұмыстары мен көптеген өзге де қолға алынған жобалар туралы айтып өтті.

 Сөзін қорытындылаған өңір басшысы А.Баталов: 

- Жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысы әлеуметтік-эконмикалық дамуда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Мұның барлығы - бірінші кезекте Елбасының сарабдал саясатымен бірге жасап келе жатқан Тәуелсіздіктің жемісі. Егемен елдің бүгінгі жетістіктерінде сіздердің де өлшеусіз үлестеріңіз бар. Сол себепті сіздердің есімдеріңіз тарих беттеріне жазылуда. Барша жетісулықтар атынан сіздерге алғысымды жеткіземін, - деп ойын аяқтап, жиналғандардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беруге көшті. 

Кездесуге келгендер атынан облыстық «Жетісулық желтоқсандықтар» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ермұхан Жүнісов, облыстық «Қайсар жүрек» қоғамдық қорының жетекшісі Айсұлу Кеңесова, Бақтыгүл Нұрлыбаева және өзге де азаматтар сөз сөйледі. Олар бірінші кезекте бүгінгі кездесуді ұйымдастырып, ілтипат көрсеткені үшін алғысын білдірді. Алматы облысының соңғы жылдары даму қарқыны жоғары екендігін және Талдықорған қаласында құрылыс жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқандығының арқасында облыс орталығының бейнесі күн сайын адам танымастай құлпырып, заманауи келбетке ие болып, ажарлана бастағанын атап өтті.

Автор:
zhetysu.gov.kz.