Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жаңа мектеп есігін ашты


14 декабря 2017, 13:15 | 1 048 просмотров



Қапшағай қаласына қарасты Ақөзек ауылында 120 орынды жаңа мектеп іске қосылды. Бұл ауыл тұрғындары үшін Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үлкен сый болды. Бұрынғы мектептің ғимараты тозып, оқушылар сыймағандықтан жаңа мектеп салудың қажеттілігі туындаған еді. 

Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мектептің салтанатты ашылуында облыс әкімінің атынан ауыл тұрғындарына ізгі тілегін білдіріп, Қапшағай қаласының мектептері облыста ҰБТ көрсеткіші бойынша үздіктер қатарында екендігін атап өтті. 

Жалпы, Қапшағай қаласындағы 14 мектепте 10309 оқушы білім алады. Қалада үш ауысымда оқытатын мектептердің мәселесі толығымен шешілген. Биылғы жылы қаланың білім беру саласына облыстық бюджеттен 2 млрд. 800 млн. теңге қаржы бөлінген. Пайдалануға берілген жаңа мектептің құрылысына 627 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалды.  

1.jpg 2.jpg 3.jpg 

Автор:
zhetysu.gov.kz.


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто