Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Талдықорған қаласын газбен қамту жұмыстары жалғасуда


9 января 2018, 06:55 | 2 879 просмотров



Бүгінде Талдықорған қаласын газбен қамту бойынша І-ші кезеңнің жұмыстары толығымен тәмамдалған. Нәтижесінде 4,4 млрд. теңгеге 169,0 шақырымдық желілер және 6 іске қосу кешенінің жұмысы аяқталып отыр.

Атап айтсақ, Абылай хан көшесімен қаланың айналма жолындағы жаңа ғимараттарға, «Қаратал» шағын ауданы, облыстық аурухана маңайы, темір жол вокзалы және қаланың орталық аудандарына газ желісі тартылды. Қазіргі таңда 242 абонент газға қосылып үлгерген. Ендігі кезекте (7,3 млрд. теңгені құрайтын) ІІ-ші кезеңнің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Яғни, мұнда «Самал», «Жастар» ша­ғын аудандары мен Қабанбай ба­тыр, Чкалов, Белов, Шевченко кө­­шелерінің бойындағы жеке жә­не көп қабатты тұрғын үй­лер­ді көгілдір отынмен қамту көзделген. Бұл жұмыстар үстіміздегі жылдың наурыз-шілде айлары аралығында аяқталмақ.

576a91_6d906c9b47c94e7d8c319727689e85e5_mv2-300x169.jpg

Сондай-ақ, үшінші кезеңде Өтенай және «Шығыс» ша­ғын ауданы мен Жансүгіров, Алматы, Тілек Әбжалиев кө­ше­сінің тұрғындары табиға газға қол жеткізеді. Соңғы кезекте Ер­кін, Көктал ауылдары мен қала ма­ңы­н­дағы саяжайларды көгілдір отынмен қамту жоспарланған.