Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Талдықорған – «ақылды» қала атанады


16 января 2018, 13:54 | 1 234 просмотра



Болашақта Талдықорған еліміздегі ақылды қалалар қатарында болады. Ол үшін арнайы тұжырымдама жасалып жатыр. Бұл туралы бүгін Алматы облысы әкімдігінің ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік револиция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылауға арналған жиынында өңір басшысы Амандық Баталов айтты. Облыс әкімі атап өткендей, тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін қажетінше қаражат бөлінетін болады. «Біз Талдықорғанды еліміздегі ең әдемі, ең қауіпсіз, ең «ақылды» қала жасауымыз керек» дейді өңір басшысы.

«Талдықорған смарт сити» тұжырымдамасының авторы – Талғат Абылаев. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ҰПУ 2008 жылғы түлегі бұған дейін «TINFO» мобильді қосымшасын жасап шығарған.

2-1-300x264.jpgСурет авторы Ж.Мұсабек

«Бүгінде әлемде «ақылды» қалалар көп. Мәселен, Сингапур. Өмір сүру үшін өте қолайлы қала. Ақпараттық технология саласындағы барлық жаңалықтар қала өмірінен көрініс тауып отыр. Бізге де солай жасауға мүмкіндік мол. Талдықорған мұндай тәжірибе жасауға аса ыңғайлы, шағын қала. Елбасының жолдауы осы орайда үлкен қолдау болып отыр» дейді Т.Абылаев. «Мектептерде қазір электронды күнделік қолданылады. Ғаламтор арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны да артып отыр. Бірақ, олар бөлек-бөлек, бір-біріне байланыспай жүр. «Талдықорған смрат сити» тұжырымдамасы солардың басын біріктіре отырып, өзге де жаңалықтарды өмірімізге енгізуді көздейді» дейді маман.

7-300x200.jpgСурет авторы Ж.Мұсабек

Ақпарат үшін айта кетелік, Талдықорған еліміздегі қауіпсіз қалалар қатарында. Егер, осыдан 2-3 жыл бұрын қалада 20 шақты ғана бейнебақылау камерасы болса, бүгінде олардың саны 600-ден асты.

Автор:
taldykorgan-online.kz


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто