Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жұртқа ұнаған жыл қортындысы


22 января 2018, 06:51 | 2 494 просмотра



Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаевтың халық алдындағы есептік кездесуі Өтенай ауылдық Мәдениет үйінде өтті. Қалаға қарасты бес елдімекен тұрғындары қатысқан басқосуда алдымен ауыл басшысы Ерлан Жетібаевтың өткен жылғы атқарылған істер жөніндегі  қортындысы тыңдалды. Осыдан соң, Бағдат Әбілмәжінұлы баяндама жасап, жыл санап өсіп-өркендеп келе жатқан облыс орталығының жаңа жоба-жоспарларымен таныстырды.

IMG_1448-300x200.jpgфото А.Нұршанов

Нақтырақ айтсақ, тауық жылы Өтенай ауылының тұрғындары үшін толағай табыспен тәмамдалған. Ауыл құрамындағы бес елдімекен тұрғындарының дені мал және егін шаруашылығымен шұғылданды. Бүгінде онда жалпы 124 шаруа қожалығы бар. Төрт түлік мал басы да айтарлықтай өскен. Оған «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық», «Ырыс» бағдарламаларының тигізіп отырған септігі зор дейді тұрғындар. Сондай-ақ, өткен жылы ауылдағы ауылшаруашылық өнімін өндіруші 43 адамға 24 млн. теңгеге жуық субсидия берілген. Өнім көреткіші де жаман емес. Өңірдің төл өнімі қант қызылшасын сепкен диқандар әр гектар жерден орташа есеппен  360 центнерден  жоғары өнім алған. Сонымен қатар, су құбырларын жаңалау, егістік жер көлемін ұлғайтып, ауыл жолдарын жасау, көшелерді жарықтандыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек беру бағытында да көптеген игі істер атқарылған. Енді 2018 жылы ауылдың жер, мүлік, табыс, басқа да салық түрінен түсетін қаражат көлемі 18 млн. 300 мың теңгеден асады деп күтілуде.

Ал, өз кезегінде жалпы Талдықорған қаласының дамуы бойынша өзекті мәселерді ортаға қойған шаһар әкімі жүзеге асырылып жатқан бірқатар жұмыстарға кеңінен тоқталды. Соның ішінде,  білім  мен денсаулық, спорт пен мәдениет, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, жол, құрылыс саласының жетістіктері атап айтылды. Мәселен, былтыр қалада 4 жаңа өндірісті енгізу және қолданыстағы 3 өндіріс ошағының көлемін кеңейту арқылы 1,5 млрд. теңге инвестиция құйылған. Соның нәтижесінде 116 жаңа жұмыс орны ашылған. Ауылшаруашылығында 6 мал бордақылау алаңы салынып, «Когер ЛТД» ЖШС-де құны 386 млн. теңгені құрайтын қосымша цех пайдалануға берілген. Қаланы сапалы  нан өнімдерімен қамтып отырған «Сардар» ЖШС зауыттың өнім көлемін 2 мың тоннаға дейін ұлғайтқан. Қаланың оңтүстік-батыс шағын ауданынан «Салтанат сарайы», «Көрме орталығы» сынды ірі нысандармен бірге жалпы көлемі 16,7 мың шаршы метрді құрайтын 223 пәтерлі 2 коммуналдық, 562 пәтерлі 4 несиелі үй пайдалануға берілген. Қолданыстағы 5 спорт алаңы жаңартылып, тағы 6-ы жаңадан салынып, 13 аула абаттандырылған. Әрі қала көшелерінде 35 шақырымнан астам жол жаңартылған. Сонымен қатар, Бағдат Әбілмәжінұлы, қаланы газбен қамту мәселесі қарқынды жүргізіліп жатқанын тілге тиек ете келіп, ауыл әкіміне  тұрғындарға  жан-жақты түсіндіруді тапсырды.

Осыдан кейін әрбір тұрғын өз сауалын қойып, тиісті жауап алды.  Бұл жолы өтенайлықтар  халыққа қажетті ауызсу, жол, жарық және күнделікті көлік мәселелері біртіндеп оң шешімін тапты. Десе де, «айран сұрай келіп, шелегіңді жасырма» деген. Ауылымыздағы  тұрғындар  саны жыл санап өсіп барады. Ауыл орталығындағы жалғыз емхана өте ескі. Сол үшін ауылға жаңа емхана салып берсе деген өз өтініштерін білдірді.

Жиын қортындысында қала әкімі мұнда айтылған әрбір сауал жан-жақты ойластырылып, толық шешілетін болады деді. Сөз соңында жиналған жұрт қала және ауыл әкімінің атқарған жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға беріп тарасты.