Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Студент – Даяршы


19 марта 2018, 05:25 | 3 228 просмотров



Бір тойы жиырма мың  доллар немесе бір шәйі  он  доллор тұратын кафелердің босағасын тоздырып, күніне санаулы тиын үшін әркімнің алдына түскен тамағын тазалап, әркімнің  ауызынан шыққан балағат сөзге шыдап, азаннан 15-18 сағат бір демін алмай жұмыс істейтін студент-даяршы ертіңгі бір дей бір маман иесі. Бүгінде қоңыр крислодағы бизнесменде, қолына қалың қағаз ұстаған профессорда тіпті елдің қамын ойлаған  билік иелеріде осы даяршылық  жұмыстың жілігін шағып майын ішкен.Сол ертеңгі еліміздің болашақ маман иелеріне немесе келешек бизнесмендерге, жалпы қазақтаң қара домалақ балаларына даяршы болып жұмыс  жасағаны үшін танауларын көкке көтеріп, құрметке лайық деп санамайтындардың қатары көбеймесе азаяр емес.

Интернет парақшаларда шет елде ең табысты саналатын бұл жұмыстың түріне мынадай анақтама берілген.Даяршы — сөзінің мағынасы қоғамдық тамақтандыру орындарының қызметшісі. Оның қызметі — клиенттерге қызмет көрсету. Даяршының міндеттері өте қарапайым — келген клиенттердің үстеліне келіп, олардан тапсырыс алу, ас мәзірімен таныстыру және мүмкіншілігінше тез уақытта оларды алып келу болып табылады. Бірақ, әр мекеменің өзінің сан қырлы заңдары болады: белгілі бір униформаны кию, берілген үлгі бойынша үстелдерді безендіру, қойылған әдет бойынша келген клиенттерге жылы қабақ таныту, олардың тілек-талаптарын орындау және т.б. Табысты жұмыс істеу үшін даяршыға физикалық төзімділігі, іс-қимылдарының үйлесімі, көзбен көру, есте сақтау жүйесі, зейінді дұрыс бөлісу және арифметикалық мүмкіншіліктері болуы керек.

Жалпы АШҚ мемлекетінде даяршы қосымша табыс көзі емес мамандық болып есептеледі. Халқы — 320 млн адамды құрайтын бұл алпауыт мемлекетте кәмелет жасына жетпеген жас жеткіншектерден , бастап сонау алпыстың асқарын еңсерген қарттарда бұл мамандықты өмірлік табастарына айналдырса керек. Кешқұрым ауқытта теледидарды қосып шет елдің фильмдерін тамашалай отырсақ, қос ғашықтықтардың отырған ресторанында жасы егде тартқан ер кісі тапсырыс алып жатқанын байқайсыз, осыған қарағанда жасы не бары егде болса, соншалықты ол кісінің сізге көрсеткен қызметі қымбат- ау шамасы. Иә,  шетелде дамымай қалған нәрсе қалдыма тек ит- мысыққа даяршы жалдау қалған шығар, әлде ондайда барма кім біледі.

Ал бізде ше? Даяршының 100%  көрсеткішінің   90 %  ауылдан қалаға келіп, қалтасындағы қаражаты не жол жүруге,  не су ішуге жетпейтін студенттер құрайды әрине. Даяршы жұмысы бір көргенде жеңіл көрінгенімен, оның қиындығын істеп көрмеген адамға түстен түн қайтарып түсіне кірердей түсіндірсең де түсінбейтіні, шөл даладан түйе көргендей анық. Сол қиындықтарының біршамасы болмасада бірін өз көзім көрді. Күздің жаңбырлы күндерінің бірі, кешқұрым уақыт дала қоңыр салқын,  құрбым екеуміз сыртта біраз жүріп жаурап қалыппыз. Жақын жердегі бір мейрамханаға кіріп жылынып алуды жөн көрдік. Біз отырған үстелдің жанында бір жасы 30-40 шамасындағы екі үш ер азаматтар отырды. Әлгілердің ішіп отырғандары ішімдік, шеккендері шылым , айтып отырғандары балағат сөз. Бір жап- жас даяршы қыз олардың тамағын, шәйін, коласын құйып асты- үстіне түсіп, айтқан сөздеріне ақырын ғана басын изеп қоя береді. Арада жарты сағат уақыт өткен соң жаңағы даяршы қызды дауыстап шақырып бір нәрселерді айтып жатыр «Сіз жұмыстан кейін келіңіз...» дейді біреуі қалтасына жиырма мың теңгені тыққыштай жөнелді. Жас даяршы қыз ол ер азаматтардың бұл ерсі қылықтарына шыдамай ақшаларын  үстелдеріне лақтырып, екі көздерінен  еріксіз аққан жасын тыя алмай жүгіріп шығып кете барды. Сондағы қыз баланың әппақ ар-намысы, биік беделі үстелдегі үш азаматтың аузынан шыққан бір ауыз сөз, құны бес тиын татыған жиырма бес мың теңгелерімен, бір сәтке жерге таптай салды. Даяршы қыздың бар кінәсі ауылдағы ата-анама салмақ салмайын деп күнделікті бес он тиын тауып жүргеніме?! Сол болған жағдай жүрегіме тас болып батты. Неліктен ХХІ ғасырда, тіпті Қазақстанан басқа да ұсақ мемлекеттерде жұмысы бар жұмысшы халыққа құрмет ерекше, ал бізде осындай шалдуар мінезді, шайпау сөзді азамат пен азаматшалар көбейіп бара жатыр. « Біріңді қазақ, біріңді дос, көрмесең істің бәрі бос»  демедіме Абай дана . Мейлі ол күзетші, мейлі ол даяршы бәрі бірдей адал тапқан ақ наны емеспе!?

 

Автор:
Меруерт Махмұтжан