Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман


19 марта 2018, 05:43 | 3 648 просмотров



«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі» деген екен К.Д.Ушинский.Дүниеде түрлі мамандық иесі бар,ішіндегі ең қиыны ұрпақ тәрбиесіне тікелей қатысы бар ұстаздық ету.Өскелең  ұрпақтың ертеңгі тұлға болып қалыптасуына ұстаздың ықпалы зор. Ел басқарған басшы да, көне көз қарттарда  ұстаздан тәлім алып, өзі де кейінгіге ұстаз бола білген.Еңбегі өлшеусіз бұл мамандықтың бейнеті мен зейнеті қатар жүреді.«Ұстаз ұлы — тұлға»- дегендей әр біріміз де ұстаздың алдынан өттік.Ұстаздың еңбегінің арқасында салған сара жолымен жүрген жандар қаншама. Таңның атысынан  кеш қарайғаншаөз өмірін бала тәрбиесі мен сапалы біліміне, өмір жолына дұрыс бағыт – бағдар беругеарнайтын жан.«Бүгінгі студент – ертеңгі маман» деп жатады.Осы орайда І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің2017жылы бітірген түлегі, бүгінде Н.Астровский атындағы № 8 мектептің биология пәні мұғалімі Сағадиева Ботакөз Қуанышқызымен сұхбаттасу сәті бұйырды. 

- Өзіңіз жайлы айтып өтсеңіз?

- 1995 жылы 22 қазанда Алматы облысы Талдықорған қаласында дүниеге келдім.Отбасымызда үш ағайындымыз.Үйдің кенжесімін.Көксу станциясында өсіп, білім нәрімен сусындадым.2002 жылы Мұқаншы орта мектебінің табалдырығын аттадым. 2013 жылы орта мектепті бітірдім.

- Бала күнгі арманыңыз бүгінгі жемісті жұмысыңызба? Қазіргі мамандығыңызды қалай таңдадыңыз?

- Армансыз адам, қанатсыз құспен тең дейді ғой.Негізінен бала күнгі арманым сот немесе полиция қызметкері болу еді. Кішкене күнімде осы екі мамандық бойынша көп жоспар құратынмын. Кейіннен уақыт өте келе  әкем менің ұстаз болғанымды қалайтынын айтты. Әке үмітін ақтау әр баланың парызы деп санаймын.Өзім жалпы жан жануарды қызықтағанды, өсімдіктерді баптауды ұнататынмын.Кейінгі кездегі қызғушылығым биологияға қатысты болды.Сол себепті ойланбастан әкемнің арманы мен өзімнің қызуғушылығымды ұштастыра отырып биология пәні мұғалімі болуды жөн санадым.

- Бүгінгі күні елімізде түрлі өзгерістер болып жатыр. Елбасы жаңа жолдауы күні кеше күшіне енді. Латын әліпбиі жайлы ойыңыз? Ертеңгі күні барлық оқулықтар мен құжаттар өзгертілсе,қандайда бір қиындық туындамайма?

- «Аюдан қорыққан орманға бармас» деген екен дана халқымыз. Қандай да бір қиындық туындайды деп үрейленіп жүре берсек, көшімізден қалып қою қауіпі бар.Біз әлі өркендеп кеңге қанат сермеуіміз керек. Меніңше кез келген нәрсеге үйрену үшін уақыт керек, бастапқыда қиындау болатыны сөзсіз. ҚР Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы Қазақстан халқына аранған Жолдауында « Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қаріпіне, латын әліпбиіне көшуіміз керек.Бұл – ұлт болып шешеуге тиіс принципті мәселе» деген-ді. Алты жыл аралығындағы уақытта біз бір қадам болсада алға жылжыдық. Демек ендігі алдымызда еш кедергі, қиындық жоқ.

- Үш тілде оқыту жүйесі мәселесіне келсек, 2019 жылдың қыркүйегінен бастап жаратылыстану пәндері жоғары сыныптарда толығымен  ағылшын тілінде өтпек. Осы тұрғыда қандай ойыңыз бар?

- ХХІ ғасыр жаңа технологиялар мен түрлі ақпараттарға толы. Білім мен біліктілікті арттырып үш тілді білім беру жүйесін меңгеріп дамыған елдер қатарына қосылу еліміздің басты мақсаты. Мақсатты іске асыру үшін алдымен біздер ұстаздар алға ұмтылып, оқушылар мен білімгерлерге сапалы білім беру басты міндетіміз. Жаратылыстану пәндері, соның ішінде биология пәні бойынша ағылшын тілінде сабақ өткізу экспериментальды түрде  2012-2013 жылдары қолға алынды. Бүгінгі таңда Талдықорған қаласында ұстаздардың білімін ағылшын тілінде жетілдіру курстары өтуде.Өз басым үш тілде оқыту жүйесін қолдаймын.Себебі бұл жүйе еліміздің әлемдік білім кеңістігіне шығу жолындағы басты қадамы.
- Біліміңізді шетелде жетілдіру жоспарыңызда барма?

- Алдымен магистратура оқу бірінші жоспарым.Кейін Польша мемлекетіне барып ағылшын тілінде биология пәнін оқып жетілдіру басты мақсатым.

- Бос уақытыңызда қандай ізденістерге арнайсыз?

- Университетте оқып жүргенімде «Жәндіктер» жайлы ғылыми жоба қорғаған едім.Сол жобамды одан әрі дамыту үстіндемін. Соған байланысты уақытымдыбос өткізбей барынша жәндіктер жайлы ізденіп, зерттеуге арнаймын.

- Еліміздің болашағынан не күтесіз?

-Еліміздің болашағы біздер жастардың қолында. Жастар болашақтың кілті іспеттес. Еліміздің болашағы жарқын болу үшін өскелең ұрпақ білімді, тәрбиелі және саналы болып өсуі тиіс. Нәтижесінде біздер елімізді дамытып, үздікелдердіңалғашқықатарындаболамыздегенойдамын.

“Ұстаздықеткенжалықпас, үйретуденбалаға” деп Абай атамызайтқандай, ұстаздардың шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі зор.Ұстаз әрдайымқасиеттітұлғаретіндеерекшеленеді. Мұғалімніңбақыты – шәкіртініңқұрметі.Құрметті Ботакөз Қуанышқызы газетімізге берген сұхбатыңызға алғыс білдіре отырып, сізге денсаулық, бақ-береке тілеймін. Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, енбегіңіз ақтала берсін!

Автор:
Марал ҚУАТҚЫЗЫ.