Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Оқушыларға орамал тағу міндет пе?


20 апреля 2018, 04:54 | 2 930 просмотров



Бүгінде жасөспірім қыздардың мектепке орамал тағып баруы төңірегіндегі дау-дамай басылар емес. Осыған байланысты Талдықорған қаласының әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Қала әкімінің орынбасары Марлен Көлбаевтың төрағалығымен өткен басқосуға қаладағы барлық білім шаңырақтарының директорлары мен ата-аналар шақырылып, заң саласының мамандары қатысты.

Фото Д.Жаныс

Жиналған қауым алдында баяндама жасаған қалалық білім бөлімінің басшысы Жандос Жолдыханов, кейбір ата-аналардың дін жолын ұстануына байланысты біраз оқушылардың мектепке орамал тағып келетінін алға тартты. Алайда ондай ата-аналарға ҚР «Білім туралы» Заңының талаптары жан-жақты түсіндіріліп, біріңғай мектеп үлгісіндегі киім кию қанша дәріптелгенімен еш нәтиже шықпай отырғанын алға тартты. Аймақтағы діни басқарманың мамандары берген мәліметке сүйенсек, жалпы қала мектептерінде біраз қыз балалар орамал тағады. Олардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстары жүргізілгенен кейін біразы өздігінен орамалын шешкен. Дей тұрғанмен, орамал шешуге қарсы болған әлі 19 оқушы бар. Ондай оқушылар соңғы кездері мектептен де шеттетіле бастаған. Басқосуда  жергілікті прокуратура қызметкерлері ата-аналарға тағы бір мәрте заң талаптарын түсіндіріп, оны орындау азаматтарға ортақ міндет екендігін еске салды. Осы барыста ақсақалдар алқасы ақыл кеңесін беріп, әр істе ортақ бір шешімге келу керектігін айтты. Осыдан соң Талдықорған қаласының әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес құрамының жаңа мүшелері таныстырылып, қаралған мәселелер бойынша тиісті шешім қабылданды.