Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Әдеп жөніндегі уәкілмен өңірлерге шығу жүргізілді


30 июля 2018, 13:28 | 1 030 просмотров



ҚР ДСМ 15.06.2018 жылғы шығыс № 23/174№1 хаттамалық шешімінің 4 тармағын, Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілдің 2017-2018 жылға жұмыс жоспарының 1, 5 тт. орындау мақсатында, 2018 жылғы 21-22 сәуір аралығындаДепартаменттіңбөлім басшысы– Әдеп жөніндегі уәкіл Н.Олжабаев Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай аумақтық басқармаларына түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін шығу ұйымдастырылды.

Өңірлерге шығу барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы заңнама талаптарын көресілді және ҚДСБ мамандарының Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша консультативтік көмек, азаматтарды және аумақтық бөлімшенің мамандарын жеке қабылдау жүргізілді. Жеке қабылдау жұмыстарына14 маманға және 4 жеке тұлға ұсыныс білдірді.

Қызметтік әдеп нормаларын, сондай-ақ ұжымдағы моральдік-психологиялық климат жағдайын мониторингі мақсатында,ұжымдағы мемлекеттік қызметкерлерден анонимді сауалнама өткізді. Анонимді сауалнамамен 66қызметкер қамтылды. Сауалнама қорытындысы бойынша 98% қызметкер тікелей басшысына сенім білдірген, жалпы бірдей тікелей басшы қызметкерлерге әділ деп есептейді. Басшылар жеке істерімен қызметкерлерге жүктемейді және демалыс күндері жұмысқа шығуды талап етпейді.

Бұл бағытта жұмыс жалғасын табады.