Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ғимараттардың алды түрленді


23 сентября 2010, 21:09 | 2 590 просмотров


Райымбек ауданындағы ауылдар да «Жол картасы», «Даму бағдарламасы» бойынша жан қуанарлық игіліктерге кенелуде.

Бұл аудан орталығы – Кеген ауылына да тән. «Албан» ЖШС құрылысшылары биылғы жаз маусымында мұндағы аудандық әкімшілік пен аудандық мәслихаттың және аудандық Мәдениет үйінің алдына әдемі құйма тас төсеніштер төсеу жұмыстарын толығымен аяқтап шықты. Мұндай жұмыс бұрын аудан орталығы болған Нарынқол ауылында да жалғасуда. Ақай ауылындағы А. Нүсіпбеков атындағы орта мектеп пен Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. «Даму бағдарламасы» бойынша Қайнар ауылындағы Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізілуде. Мұның сыртында Нарынқол ауылындағы «Қарлығаш» балалар бақшасының ғимараты қайта қалпына келтірілуде. Кеген ауылындағы «Балбөбек» балалар бақшасы күрделі жөндеуден өткізілуде.