Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ФИЗИКА САБАҒЫНДА ПӘНДІК ҚҰЗЫРЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ


22 октября 2010, 10:57 | 3 401 просмотр



«Мұғалімдік міндетті дұрыс атқару үшін ең алдымен, өзі білімді болуы керек»

Ахмет Байтұрсынұлы

Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік терең өзгерістер білім беруді дамытудың жаңа жолдарын, яғни педагогика ғылымының тәсілдері мен әдістемесін өзгертуді талап етеді. Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық рөл берілсе, ал қазір оқу үрдісінде оқушы белсенділігін көрсетуі тиіс, оны оқытпайды, өздігінен оқуы керек.

Құзырлылық - бұл адамның белгілі бір мәселелер ауқымын шеше алу қабілеттілігі. Ю. Скжипчактың пікірінше, құзырлықтың ішінен кейде құзыреттілік бөліп қарастырылады. Ол адамның білім – білік дағдысына орай белгілі бір нәрсеге қабілетті, сол сияқты өз қабілетіне сенімділігі мен оны пайдалана білу деңгейіне байланысты белгілі бір мәселені шешуге мотивациясы. Маман құзырлығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ол өз қызыметіне ерік-күш, материал, уақыт, жүйке сияқты ресурстарды аз жұмсай отырып, нәтижеге жете алатындығы дәлелденген қағида. Яғни, педагог құзырлығы оның кәсіби қызыметінің басты шарты болуы тиіс. Өзін- өзі басқару мен өзін- өзі бағалауға үйрету – біліктілік жетілдіру жүйесіндегі педагогтың кәсіби құзырын дамыту жолындағы басты қағида. Педагогтың кәсіби құзырын қалыптастыру, бір жағынан мұғалімнің ішкі жеке ресурстарын дамытуға бағытталса, екінші жағынан, ол мемлекет пен мектептің сұраныстарын қанағаттандыруы тиіс.

Өйткені, қазір өмірдің өзі нәтижеге бағытталған білім беруді сұрап отыр. Ол үшін іздену мен дамудан шаршамайтын кәсіби құзырлы педагог қажет.

Қазақстан Республикасы 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби – тұлғалық құзіреттілігін қалыптас-

тыру басты мақсат екендігін атай келе 12 жылдық білім беру де педагог төмендегідей құзіреттіліктерді игеру міндетті деп көрсетті.

1. Арнайы құзіреттілік - өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілет

2. Әлеуметтік құзіреттілік – кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті

3. Білім беру құзіреттілігі – педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.

Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Бұл жайлы 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында оқушы бойынан табылуға тиісті құзырлылықтарды нақты айқын көрсеткен. Мұнда:

Құндылықты-бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық қабілетті болу)

Мәдениеттанымдық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті)

Оқу-танымдық құзіреттілік (өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу)

Коммуникативті құзіреттілік (адамдармен өзара қарыс-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болу)

Ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті)

Әлеуметтік-еңбек құзіреттілік (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті) .

Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілік (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті)

Аталған құзіреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзіреттіліктерінің жан-жақты болуы талап етіледі. Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсыналатын жағдайда болғанда ғана студент құзіреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады.

Білім сапасы білім,біліктілік, дағды, тұлғаның қасиеттері, қабілеттерімен бағаланса, тұлға педагогикалық объект ретінде меңгерілетін,қалыптасатын адам тәжірибесі ретінде қарастырылады.

Мұғалім мен оқушының арасындағы байланысын,қызметтік-тұлғалық деп айту артық, өйткені мұғалім үшін ең бастысы баланың тұлғалық қасиеттері, тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруы емес, олардың жетістігі болып табылады. Қазіргі білім берудегі басты мақсат жас ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Осы мақсатқа жету үшін өзімнің ұстаздық іс-тәжірибемде педагогика ғылымының докторы И.Д. Первин , В.К. Дьяченконың топпен, ұжымдық оқыту технологиясын, Т. Галиевтің деңгейлеп оқыту технологиясын, В.Ф. Шаталовтың проблемалық оқыту технологиясын, Чарлз Тэмпл, Джон Стиллдің СТО технологиясын қолданамын.

Физика бойынша электронды оқулықтарды пайдаланып, электронды оқулықтағы көрнекіліктерге, деректерге сүйене отырып оқушылар өздерінің ой-өрісін кеңейтіп шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинауға дағдыланды. Сонымен бірге оқушылармен интерактив тақтамен тест тапсырмасын жүргіземін. 7-11 сыныптарды оқыту үрдісінде инновациялық әдістерді тиімді қолдану, компьютерді кең көлемде пайдалану жұмысы жалғасын таба білді.

Осы сабақтарға қойылатын талаптар:

Құзырлылығы (компетент)

Іздендіру, зерттеу, білімді өз беттерімен алуды қамтамасыз ету.

Технология элементтерін дұрыс таңдап, тиімді пайдалану.

Әр тарауды өткен соң, физикалық диктант, өздік жұмыс, тақырыптық есеп, бақылау жұмыстары, тестік тапсырмалар өткізу арқылы тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеріп,тақырыпты толық меңгере алмаған оқушылармен қосымша сабақтар,сыныптан тыс жұмыстар жүргіземін.Тест түрлері оқушы білімін бекітуге қайталауға,жүйелеуге мумкіндік береді.Сонымен қоса мұғалім мен оқушылардың уақытын үнемдеуге оқу жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасайды.Тестік тапсырмаларды оқушылардың білім деңгейіне байланысты құрастырып, нәтижесін кілтімен тексертіп өздеріне бағалатамын. Оқушы білімін бағалауға эксперттік комиссия қабылдаған сапаны анықтау жүйесін қолданамын Егер жауап-75%-дан жоғары болса-жақсы,-50%-ға дейін қанағаттанарлық,-50%-дан төмен-білім деңгейі төмен Оқушы білімін бағалауға оқушылардың жауап беру мүмкіндігі мен өз бетінше іздену дағдысын ескеріп, оқушы қабілетіне,қабылдау және меңгеру деңгейіне қарай сараптап тұлғаның психологиялық жас ерекшеліктерін ескеремін.

Соның шінде физика сабағында жаңа ақпараттық – компьютерлік технологияларды пайдаланамын, сондай жүйелердің бір түрі интерактивті құрал.

Оқушылардың есте сақтау қабілетін шыңдауға, ғылым мен техника жетістіктеріне,білімге деген қызығушылығын арттыруда сыныптан тыс шаралардың маңызы зор.Оқушылардың физикалық сауаттылығын арттыру, алған білімдерін тиянақты болуын қадағалау үшін сыныптан тыс жұмыстар жүргізіп оқушыны қызықтыратындай физикалық ойындар викторина шешу, ребус,кроссворд құрастыру,логикалық есептер шығарту, қолдан прибор (электроскоптар, динометр) жасау, физикалық ойыншықтар жасау арқылы ой-өрісін, пәнге қызығушылығын арттырып, пән аралық байланысты нығайту қажет. Осы орайда. оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін,ойлауға икемділігін, өмірге ғылыми көзқарасын дамытуға өткізілген сыныптан тыс жұмыстар:

«Физика әлеміне саяхат», «Бақытты сәт», КВН, физикалық аукциондар т.б ойындар.Алынған өзекті тақырыпты басшылыққа ала отыра және істелінген жұмыстарды қорытындылай келе өзін-өзі бағалай білетін,шығармашылық деңгейі жоғары жан-жақты тұлға қалыптастыра отыра,оқушының білім сапасын көтеремін,алған білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт беріп оқушы кұзырлығын дамытамын.Сонымен топпен оқыту технологиясы баланың жеке тұлғасын пән арқылы дамытуға қолайлы тұлғаның білім,біліктілік дағдысын қалыптастырады деп ойлаймын.

Автор:
Т.Ә.КАКАМАНОВА, қазақ орта мектеп-гимназиясы Балпық би кенті