Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ, ЖАҢАЛЫҚТАР


17 ноября 2010, 21:06 | 2 444 просмотра


2011 жылы ҰБТ (Ұлттық Бірыңғай Тест) бола ма?

2011 жылы ҰБТ бола ма? Бұл сұрақ талай мектеп бітіргелі жат-қан оқушылардың мазалап, кейбірін ұйқыдан да қалдырды. Осы сұрақ төңірегінде қысқа әрі нұсқа жауап іздеп көрелік.

2011 жылы ҰБТ болады

Алдағы жылы да мектеп бітіруші түлектер үшін Ұлттық бірыңғай тест болады. Бұл ақпаратты ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың сөзіне сүйеніп айтып отырмыз. Ол кісі: «ҚР Білім және ғылым министрінің ҰБТ форматын (құрылымын, жалпы мән-мағынасын – түсініктеме) жетіл-

діру мақсатында шығарған жарлығына байланысты арнайы жұмыс тобы құрылды» — деп мәлімдеді.

Халықаралық

Студенттер Күні

Халықаралық Студенттер Күні 1946 жылы Чехияның астанасы Прага қаласында өткен 1939 жылғы 17-қарашада фашистік неміс басқыншылары атып өлтірген чех патриот студенттерін еске алуға арналған дүниежүзілік студенттер конгресінде 17-қарашаны патриот чех студенттерінің құрметіне «халықаралық студенттер күні» деп атау бекітілді. Студенттер күні алғаш рет 1941 жылы 17-қарашада Лондон қаласында өткен.

Студенттер күні романтика мен жастық албырт шақпен астасып жатқанымен, атаулы күннің тарихы екінші дүниежүзілік соғыстағы (ЕДС) Чехословакия студент жастарының қасіретімен тығыз байланысты.

Пәкістанда Facebook жабылды

Пәкістанның Лахор қаласының соты ел аумағында «Facebook» әлеуметтік желісін пайдалануға тыйым салатын қаулы шығарды. Олай етуіне себеп — Facebook-тегі бір қолданушының пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.у.) карикатурасын салу конкурсын жариялап, оған басқа да қолданушыларды шақыруы. Лахор соты Facebook-тің барлық беттерін пайдалануға қатаң түрде тыйым салды. Әлеуметтік желі мамыр айының соңына дейін құрсауланбақ. Соттың шешімі адамдар арасында екіұдай пікір туғызды. Бір топ карикатуралар конкурсын мұсылмандарды және пайғамбарды масқаралау, төмендету ретінде қабылдап, соттың шешімін қолдаса, енді екінші жағы соттың шешімін Интернет еркіндігін шектеу деп біледі. Қалай болғанда да, Facebook әлеуметтік жүйесі осы айдың соңына дейін құрсауланды. 2005 жылы Данияда «Jyllands-Posten» газетінде жарияланған карикатурадан кейін әлемдегі мұсылмандардың наразылығы туып, сол кезден бергі анти-карикатуралық майданда ең азы 50 адам өлді.

Автор:
malimetter.org