Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЖАЗЫЛҒАН ЖАЙДЫҢ ЖАҢҒЫРЫҒЫ


17 ноября 2010, 21:10 | 2 653 просмотра


Өзімізге қол салудан сақ болайық

Өмір талабына сай дөңгеленген жұмбақ дүниеде адам ағзасына, психологиялық нервтік жүйесіне кері әсер беріп, адамзат баласын жамандық жолға итермелейтін, медицина саласын тұйыққа тіреген, суицид ауруы жылдан-жылға індетке айналып, адамзат арасында жиі кездесіп жүрген жайтқа айналды. Суицид негізінен көп індетті, залалды аурудың бір түрін құрайды десек артық айтқандық емес. Суицид ауруы дүние жүзі халықтары арасында,әсіресе Японияда өте көп кездесіп келді. Ал кейінгі жылдар арасында бұл ауру індетке айналып еліміздің арасын аралап та үлгерді.

Бұл ауру көбіне –көп адамның нервтік жүйесі бұзылып, психикасына кері әсер еткен жағдайда, өзін-өзі игере алмай, не бір терең ойларға, тұңғиық түбіне түскен адамзат өмірінде жиі кездесіп отырған жағдай.Өмір шырғалаңына тап болып шешімін таба алмаған кездерде адам баласының ойына тек сол ауырда,азапты шырғалаңнан құтылар бірақ жол бар, ол өзін-өзі жоқ ету, өзіне-өзі қол салу немесе шылбыр арқанның күрмеуінде кету бүгінгі таңда ондаған, жүздеген адамзат баласы ғұмырын қиюда,әсіресе оның ішінде мектеп жасындағы жас өспірімдерді есепке алсақ өте аянышты да ,қасіретті жағдай.

Зерттеушілердің еңбегіне жүгінсек соңғы 5 жыл ішінде ҚР бойынша балалар мен жасөспірімдер арасында анемия ауруы 5 есе артса, бала ағзасының нервтік жүйесінің бұзылуы 1,5 есе , жүрек ауруы 1,4 есеге , суицид ауруы 2,2 пайызға өсіп отыр.

Міне, осындай жағдайлардан соң наша тартып, ішімдік ішіп, психологиялық көңіл-күйі бұзылған жастар өз ісіне есеп бере алмайтын күйге түсіп әр түрлі жағдайларға тап болуда.

Кейінгі жылдары мектеп оқушылары арасында «школьный стресс», яғни «мектептік стресс» -деген терминдер пайда болды. Ол қайдан пайда болды? Зерттеулер нәтижесіне сүйенсек кейбір балалардың мінез- құлқы өзгеріп,тәртібі төмендейді. Оған себеп алуан түрлі: мұғаліммен келіспеушілік, жақын жолдас-жораларымен қарым-қатынасының бұзылуы, ата-анамен түсініспеушілікке келуі, үлкендер тарапынан қысым көру, алдап-арбаушылыққа түсіп тығырыққа тірелу немесе болашағына үмітсіздік және т.б.

Содан барып ашуланшақтық қасиетке ұрыну, мектепке баруды қою, мектеп тәртіп ережесін бұзу сияқты келеңсіз жағдаяттар туындайды.

Нәтижесінде, айналасындағы жолдастарының оған деген көзқарасының өзгеруін сезген бала сын көтермей морт кетіп әр түрлі келеңсіз жағдайларға ұшырап жатады. Жүйкесі жұқарған, нерв жүйесі бұзылған балаларды 2-топқа бөлуге болады. 1-сі нерв жүйесі бұзылғаны анық байқалады, 2-сі жасырын түрде өтеді.

Нерв жүйесі анық байқалатын баларды қалай анықтауға болады? Олар өздерін ерекше ұстайды; боқтампаз келеді, сабаққа қатысуы және оқуға деген ынтасы мен тәрбиесі күрт төмендейді, үлкенді құрметтеу,кішіні силау сияқты бойындағы асыл қасиеттерден ада болып,айналасындағы адамдармен тіл табысуы нашарлайды.

Жасырын түрі; оқиды, бірақ ынта-жігері төмен,мінезі бұрынғыдай емес өзгерген, басы ауырып жиі бей- жай күй кешеді, үйқышылдық басады, сабаққа деген құлқы болмайды,мазасыз күй кешеді.

Міне, осының бәрі бала өмірінде оның жүйкесін тоздырып үлкен ауру шырмауына ұшыратады. Өздігінен жол таппай тұңғиыққа түсіп, адасқан жолдың шырмауынан қалай жол табарын білмей жүрген кезеңдерде баланың жолдас-жоралары, ата-ана, құрбы-құрдас, туған-туыстары дұрыс бағыт беріп, қолдау көрсетіп отыруы қажет. Себебі, көмек көрсеткен кезде ғана бала өмірге үлкен үміт артады, дұрыс қадам жасауға бет бұрады, ал олай болмаған жағдайда бала келеңсіз жағдайларға ұшырайды. Ал бұл өз кезегінде өсіп келе жатқан ұрпақтың өз өмірінде тап болған қиындықтарды жеңіп шығуына көп көмек болары анық.

СОНДЫҚТАН ӨСКЕЛЕҢ ЖАС ҰРПАҚҚА АЙТАРЫМЫЗ:

1.Жақсы адам болып өсу үшін ата-анаңды сыйла,олардың ұрысын көңіліңе алмай түсіністікпен қара, өздеріңе өмір сыйлаған ардақты жандардың жүрегіне жара салма, ардақты жандарға іренжіп өзін – өзі жоқ ету , ақымақ адамның ісі.

2.Өмір болған соң қиындығы мен қызығы қатар жүреді. Қателіктерге ұрыну барлығымыздың табиғатымызда бар нәрсе. Жол таппайтын,шешімі болмайтын істің болуы мүмкін емес. Сондықтан өзіңді сергелдең өмірге сала бермей серпіліп, өзіңді тығырыққа тіреген істің шешімін табуға тырыс.Қандай қателік жасасақта суидцидпен шешімін табуымыз дұрыс емес. Сүрінбейтін тұяқ жоқ. Ата-анасынан немесе қысым көрсетуші адамдардан қорқып өзін өлімге қию көзі ашық, көкірегі ояу жандардың істейтін әрекеті емес, өмір өте ғажап нәрсе, сондықтан өмірдің берген сыйын қабылдап өмір сүруге тырысу қажет.

3.Өзіңді –өзің қандай қиындықтарға болса да шыдауға, оны жеңіп шығу жолдарын қарастыруға дағдыландыр. Қаржылық жағдайлардың кері әсері де кей адамдар үшін суидцидтті тудырушы күш болып табылатыны аян. Алайда, қаржылық қиындықтар өмірдің басты себептері емес екенін жадыңда ұстауға тырыс.Қиындық кімде жоқ дейсіз? Иманы мен өмірге көзқарасы дұрыс емес адам ғана мұндай уақытша қиындықтарға төзе алмауы мүмкін, ал сен оны болдырмауға тырыс.

4.Залалды істің соңы артта қалған ардақты жандарға қайғы-қасірет әкелетінін, олардың денсаулығына зиян келтіретінін ойлау қажет. Өзіңе етене жақын адамдардың жүрегіне мәңгіге ұмытылмастай қасірет жарасын түсірмей, оларды бақытты етуге тырысу керек.

Ол әрбір адамзат баласының басты міндеті. Сондықтан өмірді сүйіңдер, қателік –шалыс істен бойларыңды аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстанып өмір сүруге тырысыңдар.

Автор:
С.Н.БАЛАБЕКОВА,Орыс тілі пәнінің мұғалімі Жамбыл атындағы орта мектеп Көксу ауданы