Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ақпараттық технологияны пайдаланып оқыту нәтижесі


24 сентября 2009, 04:39 | 3 706 просмотров



Қазіргі кезде білім беру саласындағы өзекті мәселе – білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру болып отыр. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте оның білім деңгейімен анықталады» деген байламы мектептерге зор мақсаттар мен міндеттер жүктейтіні белгілі. Ал ақпараттарға сүйенер болсақ, кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарлығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы рөлі мен салмағы сол елдің техникалық даму деңгейімен анықталады.

Әлеуметтік ақпараттардың көлемінің өсуі, ақпараттық мәселені әлдеқайда актуалды орынға шығарды. Мұны күн сайын өсіп отырған деректермен, әдебиеттермен жұмыс жасап отырған мұғалімдер тез сезінді. Оқу құралының төңірегінен шығу үшін деректерді іздеп, қажетін таңдауда мұғалімнің әрекетінде көп қиындық кездеседі. Деректерді кең түрде пайдалану мұғалімдер мен оқушылар дамыған ақпараттық оқыту технологиясы мен жоғары деңгейдегі ақпараттық мәдениетті игергенде ғана мүмкін «Ақпараттық технологияны игеру дәрежесі, қазіргі заманғы жаңа технология негізінде ақпаратпен жұмыс жасай білу деңгейі адамның ақпараттық мәдениетін білдіреді» делінген ақпаттандыру тұжырымдамасында.

Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып отыр. Ал біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында компьютерлік техниканы, интернетті, компьютерлік желі, электрондық оқулықтарды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімділігін күшейту және білім сапасын көтеру керек болып отыр.

Олай болса барлық сабақтарды ақпараттық технологияны пайдалану арқылы жүргізу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.

Жаратылыстану – математика пәндерін оқытуда ақпараттық технологияны пайдалану оқу үрдісін белсендіруге, оқытуды жекешелендіруге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады. Бүгін мұғалімдеріміз өткізгелі отырған сабақтарда сіздер оны көре алатын боласыздар. Сонымен қатар бұл кезде оқытудың мынандай технологиялық аспектісінің маңызы зор екендігін ескеру қажет:

-оқушылар бірден өзінің әрекеттерінің нәтижелерін сәйкес талдаулармен және ұсыныстармен бірге көреді;

-интербелсенді тақта мүмкіншілігін пайдаланып, компьютермен жұмыс істеу оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, жалпы мәдениетінің деңгейі мен ықыласын көтереді.

Осылайша ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту мынандай нәтижелерге қол жеткізеді:

-оқу материалын терең түсінуге;

-оқу мотивациясының артуына;

-алған білімінің ұзақ уақыт есте сақталуына;

-білім беруге жұмсалатын шығынның азаюына т.б.

Мұғалім сабақта ақпараттық технологияны қолдану арқылы білімнің тереңіне бойлай алады, әрі оқытудың бүкіл мазмұнының өзгеруіне мүмкіндік береді. Бұл оқу пәнінің әдістемесіне де әсер етпей қоймайды. Ең бастысы, ақпараттық технологияларды жаратылыстану және математика пәндерінде қолданудың оқыту әдістемесін әлі де дамыта түсуіміз керек. Бүгінгі семинардың мақсаты да осы болып отыр. Білім берудің кез-келген саласында қол жеткен табыстар Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қалуына мүмкіндік туғызатыны анық. Еліміздің білім берудегі саясаты, білім жүйесіне түбегейлі өзгерістер жасай отырып әлемдік білім кеңістігіне бірігу екені дәлелі. Оның мақсаты оқу үрдісін шығармашылықпен ұйымдастыруға еркіндік беру арқылы ұстаздарқауымының белсенділігін арттыру.

Осыған орай, бүгінгі күні мектеп-лицей мұғалімдерді оқушыларға берілетін білімнің сапалы, оқушыны меңгеруіне жеңіл де тиімді болуына және соны оқушы бойына қалыптастыру жолында өзінің педагогтық шеберлігі мен сабақ өткізу әдіс-тәсілдерін түрлендіріп отыруға ерекше мән береді, оқытудың ақпараттық технологияларын өз тәжірибелеріне көптен енгізуде. Ақпараттық оқыту технологияларын меңгермегенше, жан-жақты білгір маман болу да мүмкін емес. Ақпараттық технологияны меңгеру мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтың және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Мұны аз да болса жинаған тәжірибемізден, атқарған істерімізден көргендейміз. Мектеп-лицейде тәжірибемізден, атқарған істерімізден көргендейміз. Мектеп-лицейде ақпараттандыру, технологиясын пайдаланатын мұғалімдердің тәжірибесі жинақталуда. Олар: бастауыш сынып мұғалімдері М.Айтболатова, Н.Шамшаева, Г.Тазабекова, Л. Теміржанова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Т.Мұхажанова, Ғ.Рыскелдина, орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері С.Сәрсембаева, Д.Ошақбаева, физика пәнінің мұғалімдері Ұ.Әлімқұлова, Г.Исембаева, химия пәнінің мұғалімі Ш.Тұрдығұлова, биология технология пәнінің мұғалімі Қ.Сәрсембаев, бастауыш сынып мұғалімі Г.Каусова, информатика пәнінің мұғалімдері Ә.Қалиева мен Б.Дүзгенбаевалар, сабақ беретін сыныптардағы білім сапасы да жыл сайын жақсарып, оқушылары түрлі деңгейде ұйымдастырылған байқауларда, пән олимпиадаларында жоғары көрсеткіштерге жетіп жүр. Жаратылыстану-математика бағытындағы шығармашылық топтың 7 мұғалімнің оқушылары биылғы қалалық пән олимпиадасында жүлделі орындар алды. Олар: биология пәнінің мұғалімі Қ.Омарованың 8 сынып оқушысы ІІ орын, химия пәнінің мұғалімі Ш.Тұрдығұлованың 9 сынып оқушысы ІІІ орын, география пәнінің мұғалімі Қ.Мекебаеваның оқушысы ІІ орын, физика пәнінің мұғалімдері Г.Исембаеваның 8 сынып оқушысы ІІ орын, информатика пәнінің мұғалімдері Ә.Қалиева мен Б.Дүзгенбаеваның 9-10 сынып оқушылары ІІ, ІІІ орындар алды. Биылғы қалалық олимпиадасында жүлделі 13 орынның 7-ін жаратылыстану – математика шығармашылық топ мұғалімдері алып, мектебіміздің лицей-гимназиялар арасында алғашқы 10-дық қатарында болуына үлестерін қосты.

Оқушылардың ғылыми жоба байқауына қатысқан оқушы химия пәнінен І жүлделі ІІ-орын алып, облыстық байқауға жолдама алды. Қазірдің өзінде осы шығармашылық топтағы мұғалімдердің іс-тәжірибелері Республикалық ғылыми-әдістемелік, ғылыми-педагогикалық газет журналдарға жарияланып, тәжірибе тартылуда. Оған мысал биология пәнінің мұғалімдері Қ.Омарованың интербелсенді әдісті қолданып өткізген сайыс сабағы Республикалық журналда, физика пәнінің мұғалімі Ұ.Әлімқұлованың сабақ үлгілері «Физика» атты ғылыми-әдістемелік журналда Р.Керейбаеваның «Шығармашылық ізденіске» құрылған сабақ үлгілері «Физика және математика» журналында жарық көрді. Мектебіміздің осы бағытта атқарып жатқан жұмыстары жөнінде «Жаңаша оқыту – уақыт талабы» айдары, мектеп директоры Н.Мүсірәліұлы Тұмбаевтың авторлығымен «Қазақстан мектебі» журналында (2008 жыл, №12) жарық көрді. Информатика пәнінің мұғалімдері Б.Дүзгенбаева «ең үздік» әдістемелік бейне фильм облыстық байқауында жүлделі ІІ орын алды.

Жыл сайын оқушыларымыздың математика-жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылықтары артып келеді. Мұны да мұғалімдеріміздің еңбегімен байланыстырамыз. Өз кезінде А.Байтұрсынов ағамыз: «Мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелі жүргізілуі 3 түрлі нәрсеге: ақшаға, құралға, мұғалімге» келіп тіреледі екен.

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін ақпараттандыру бойына Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда, мұғалімдердің жұмыс жасауына жағдай тудыруда да біршама жұмыстар атқарылды. Мектебіміздің интернет желісіне қосылған барлығы 5 интербелсенді тақта бар. Олар: физика, химия, биология, информатика және мультимедия кабинеттерінде. Мультимедия кабинетіндегі тақтаны орыс тілі, қазақ тілі, ағылшын, тарих пәндері қолданды. Аталған пәндерден сабақ беретін мұғалімдердің барлығы тақтамен сабақ өткізу әдістемесін меңгерген. Қазіргі күні 34 мұғалім, педұжымның 44 пайызы тақта мүмкіншілігін пайдаланып сабақ өткізді. Мұғалімдердің 70 пайызы сабақтарында электронды оқулықтарды пайдалануды тәжірибелеріне енгізген. Мектептегі электронды оқулықтар саны - 78. Пән мұғалімдерінің 66 пайызы- компьютерлік курстан өткендер. Олардың 3-і АОМКДИ-ның арнайы бағдарламасы бойынша өтті.

Мектепте білім берудің негізгі бағыттары ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы негізінде құрылған.

Мектепішілік ақпараттандырудың негізгі бағыттары мендегі міндеттерді шешуден туындап отыр:

-талдау және мектепішілік басқарудың ақпараттың жүйесін жасау;

-мектепті компьютерлендіруді одан әрі жалғастыру;

-оқу үрдісін электронды оқулықтармен қамтамасыз ету;

-қашықтан оқыту технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне қолдануды, оған деген сұраныс деңгейін көтеру;

-Жаңа педагогикалық технологияларды санын көтеру;

-Мектептің барлық оқушылары үшін сапалы білім беруді қамтамасыз ету;

-Мектептің басқаруды одан арналған демократияландыру;

-Көп мәдениетті тұлға тәрбиелеуді қамтамасыз ету;

-Білім жетілдіруді күшейту болып отыр.

Сөзімнің соңында Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған биыл-

ғы жолдауында айтылған білім беруге қатысты мәселелер бәрімізді бей-жай қалдыра алмайды: «Қазақстандағы әрбір ұрпақтың ертеңгі күні дүниенің төрт түкпірінде өзінің қалаған, ұнатқан және қоғамға пайда ойлар мақсатта дайындау үрдісі арнаулы және орта мектептерден бастау алмақ» - деген болатын. Осындай зор міндеттерді атқарып жүрген ұстаздарға денсаулық пен шығармашылық қабілет тілеймін.

Автор:
Биғайша С., Бақтыбай Ж. атындағы №18 орта мектеп- лицейінің ғылыми- әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары