Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«ҮШ ҚУАНЫШ»


24 сентября 2009, 04:50 | 5 566 просмотров



Көксу ауданы мектепке дейінгі шағын орталығы бар Алғабас орта мектебінің директоры Сапарбек Асқаровқа жолыққанымызда, 2008-2009 оқу жылында Алғабас орта мектебінде үш қуанышты жайт болғанын хабардар етті. Осы мектептің түлегі, Алғабас ауылының біртуар ұлы , Көксу ауданының әкімінің бірінші орынбасары болған жерлесіміз Батыржан Оңғаровтың елу жасқа толған мерейтойы аталып өтті. Сонымен қатар Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана» жолдауы аясында Республикалық бюджеттен 30 миллион қаражат бөлініп, Алғабас орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мектептің барлық есік-терезесін өмір талабына сай жаңартып, ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыстық білім департаменті тарапынан, жиһаздар мектепке 5 миллион қаражат бөлініп, толықтай жаңартылды. Музыкалық аппатура, спорт құралдары жабдықтары да бар. Демеушілік көрсеткен ТОО «Жетісугеомайнинг» компаниясының тарапынан мектептің спорт залын жөндеуге 4 миллион қаражат бөлінді. Мектеп жаңа оқу жылында жан-жақты жөндеуден өтіп, бүлдіршіндерге есігін айқара ашты.

Сондай-ақ, мектепке арнайы музей ашылды. Алғабас орта мектебінің оқушылары бір жылда үш бірдей қуанышқа кенелді. Жаңа мектепте жаңаша, сапалы білім беріп жүрген ұлағатты ұстаздарды да атап өткен жөн. Олардың ішінде бастауыш сынып мұғалімдері: Салтанат Шағараева, Гүлмира Жамаубаева, Гүлнар Жұмағұлова, Қарлыға Құлдарова, тарих пәнінің мұғалімі Ақжігіт Ыдырысов, орыс тілі пәнінің мұғалімі Тоғжан Оразбаева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұрсипа Бекбосынова еңбектерін ерекше атап айтуға болады.

Қуаныштарыңыз еселене берсін, ағайын!

Автор:
Боранбай ЕРҚАЛЫМ Алғабас ауылы Көксу ауданы