Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Физикалық есеп шығарудың жалпы жоспары


25 декабря 2010, 07:51 | 4 731 просмотр



7- сынып оқулығында күрделілігі қарапайым есептерден бастап, әр түрлі деңгейдегі есептер берілген. Жас мамандар оқушыларға есеп шығаруда оңтайлы тәсілдерін үйретуге тура келеді. Ол үшін есеп шығаруды бастамас бұрын олар физикалық құбылысты сипаттай білуі тиіс, осыдан кейін математикалық аппаратты дұрыс қолдана отырып, ұсынылатын есепті жалпы түрде шығаруы тиіс. Есептің дұрыстығының бірден-бір кепілі болып табылатын SI жүйесінде анықталатын физикалық шаманың өлшем бірлігін тексеруге айрықша назар аудару керек. Төмендегі физикалық есеп шығарудың жалпы жоспары физика пәнінің әр мұғаліміне қажет болары сөзсіз.

1. Есептің шартын анықтау.

2. Осы шарттарды әріптік белгілермен жазу.

3. Барлық шамалардың өлшем бірліктерін SI жүйесіне келтіру.

4. Есепке тиісті сызбаларды, суретті және сұлбаларды орындау.

5. Есептің шартына байланысты жүретін физикалық процестерді талдау және осы процестер бағынатын заңдарды анықтап, есеп шығарудың жоспарын құру.

6. Физикалық заңдарға сәйкес теңдеулер жүйесін құру және оларды ізденілетін шамаға байланысты шешу.

7. Есептің жалпы түрде алын-ған шешеімін талдау.

8. Шамалардың өлшем бірліктері арқылы есептің шешімін тексеру.

9. Формуладағы шамалардың орнына олардың сан мәндерін қойып, есептеулер арқылы жауабын табу.

10. Алынған нәтиженің орындылығы мен сенімділігін бағалау.

Автор:
М.И.ИНАХАНОВА Кемел Тоқаев атындағы орта мектеп Физика пәнінің мұғалімі Үштөбе қаласы