Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Бала тәрбиесіндегі шахмат, дойбы ойындарының маңыздылығы»


28 января 2011, 07:47 | 11 685 просмотров


Ойын - адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ал шахмат, дойбы ойындарында логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, оқушылар ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін желтілдіреді.

Ойын-бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде екі адамның қатынасуымен іске асады. Қай жеңгені жеңімпаз болса, біреуі жеңіліс табуы тиіс. Ойынның ережелерін оқушылар сақтай отырып, ойнаушылар арасындағы қиынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен саналуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен саналып, бір-біріне деген сенім- дерін арттырады.

Ұлы Абай айтқандай «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» демекшідей, сол пікір бала өмірінде ойынның маңыздылығын шешуге көп әсерін береді. Төменгі сынып оқушыларының психикасының дамуына шахмат, дойбы ойындарының әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар: Ж.Аймауытов, М.Жумабаев, Ш.Құдайбердіұлы, С. Торайғыровтар өз еңбектерінде көрсете білген. Сол кісілердің тәлім – тәрбиесі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда.

Ал ертедегі ұлы ғалым-ойшылдар Ж.Ж.Руссо мен Песталоции ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Үйірме жұмысындағы ойынның теориясы маңыздылығы туралы К.Д.Ушинский мен П.Ф.Лесгафт, тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы В.А.Сухомлинский, С.П.Шацкий және Н.К.Крупская да өз пікірлерін білдірген. Дүние жүзінің шахмат және дойбы жұртшылығы мен жанкүйлері осы ойынға ерекше көңіл бөліп келеді. Жастар арасындағы Алматы қаласында өткен былтырғы блиц-шахмат бойынша ІҮ - әлем чемпионаты біздің болашақ ұрпақтарымызға көп әсерін тигізді. Шынын айтсақ, мұның өзі тек Қазақстан үшін емес, сонымен бірге бүтін шахмат әлемі үшін де аса мәнді, спорттық маңызы зор оқиға болып саналатынына көзіміз әбден жетті.

Қазір Қазақстанның әрбір аудан, облыс, қалаларында осы шахмат, дойбы ойындарының үйірмелері жыл санап көптен ашылып жатыр. Соның айғағы Алматы облысы, Сарқан қаласындағы балалар шығармашылық үйінде сегіз үйірме жұмыс жасайды, соның бірі шахмат және дойбы үйірмесі құрамында ІІ – топқа бөлінген 54 бала тәлім тәрбие алуда. 30 ұл бала, 24 қыз бала қатынасады. Жалпы көрсеткіштері аудан, қала аралық турнирлерге қатынасып жүлделі орындарға ие болып жүр. Бұл шахмат, дойбы үйірмесінде кабинет толығымен жабдықталған, 10 шахмат доскасы, 5 дойбы тақтасы және бір магнит тақтасымен көркемділік, барлық құралдар, іс-қағаздары бір жүйеге келтірілген. Авторлық бағдарлама жасалынған, Алматы мұғалімдер жетілдіру институты бекітілген жоспар бойынша дәріс алып келеді. Біздегі үйірмеге демеуші бола білген жергілікті кәсіпкер Разбеков Меліс ағамыздың жанұяларына айтатын алғысымыз шексіз.

Қорыта келгенде, біздің ойымызша, бала тәрбиесіндегі ойынның түрлері, соның ішінде логикалық ойлау қабілеттерін дамытатын шахмат және дойбы ойындары – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқару мен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдайлар негіздегі іс- әрекеттін бір түрі болып саналады.

Сондықтан, адам баласының дүние танымы кеңейеді, сөздік қоры, ойлау қоры дамиды, білім сауаттылығы математика, физика, химия сияқты пәндеріне көп септігін тигізеді.

Автор:
А.С.АХМЕТКАЛИЕВ, «ҚР оқу ісінің үздігі», шахмат, дойбы үйірмесінің жетекшісі