Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Витаминдер және олардың маңызы


28 января 2011, 07:46 | 11 024 просмотра



Сабақтың мақсаты:Оқушыларға дәрумендердің организмдегі ролі және дәрумендер жетіспегенде болатын аурулар, олардың алдын алу шаралары жайлы түсінік қалыптастыру.

Білімділік мәні: Оқушыларға дәрумендер өсімдік пен мал өнімдерінен алынатынын, азық- түліктерде болатынын түсіндіру.

Дамытушылық мәні: Дәрумендер туралы ой өрісін қалыптастыру.

Тәрбиелік мәні: Оқушыларды салауатты өмір салтына дағдыландыру.

Сабақтын түрі: Дәстүрден тыс аукцион сабағы.

Сабақтын әдісі: Баяндау, сыни тұрғыдан ойлау,талдау, сынау.

Көрнекілігі: «Дәрумендер» кестесі, Витаминдер көрмесі, сөзжұмбақ, Биологиялық диктант, Адасқан сөздер.

Пән аралық байланыс: Медицина, биология, химия

Қолданылған әдебиеттер: «Тәнтану» оқулығы, «Валеология және дене тәрбиелеу» журналы 2005ж №4,9 бет,. «Биология және салауаттылық»2006ж,№8,14бет.

Сабақтын құрылымы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Аукцион сабағы.

3. Қорытынды.

4. Бекіту кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Мұғалім: Бүгінгі біздің сабағымыз дәстүрден тыс аукцион сабағы.

Бүгінгі тақырыбымыз «Витаминдер және олардың маңызы». Витаминдер өсімдік пен мал өнімдерінен алынатын азық - түліктерде болады. Адам әр түрлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті дәрумендерді алып отырады. Күнделікті ішіп отыратын тағамдарымыздың кейбіреулерінің құрамында адам организміне аса қажетті дәрумендер жетіспейді. Демек, тағамда дәрумендер жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға жиі шалдығады.

Соған қарағанда «Ас дәмімен тәтті» немесе « Ас жүрген жерде ауру тұрмайды» деп жұрт бекерге айтпаған. Дәрумендер адам өмірінің арқауы, онсыз адамның денсаулығы ойдағыдай болмайды, тіпті адам тіршілік ете алуы да мүмкін емес. Олай болса дәрумендерді қарапайым тілмен айтқанда тіршілік нәрі, өмір серігі деуге болады.

1-Оқушы: Жеткілікті тамақтанудың салдарынан туындайтын аурудың себептерін алғаш ашқан орыс дәрігері Н.И.Лунин болды. Ол ал-ғаш рет тағам құрамында дәрумендердің болатындығын 1880 жылы дәлелдейді. Жас ғалым тағам құрамындағы минералды заттардың рөлін зерттейді.

Ол кісі тышқандарды зертханалық жолмен алынған жасанды қоспалармен тамақтандырды. Осындай тамақтармен қоректенген тыш-қандар 11-ші күні қырылып қалған. Бұдан соң Н.И. Лунин химиялық таза белок, май қосылған тағамдармен қоректендірілген кезде де тышқандар түгел өлген. Ал сиыр сүтімен қоректендірілген тышқандар ауырмай дұрыс тіршілік ете берген. Тәжірибе нәтижесінде Н.И. Лунин сүттің құрамында май, казеин, қант, тұздардан басқа тіршілікке қажетті бір зат бар деген қорытындыға келеді.

2-Оқушы: Кейінірек Н.И. Луниннің тәжірибесін голландиялық ғалым Пакельхоринг 1904 жылы және ағылшын химигі Гипкинс 1906 қайталайды. 1911 жылы поляк ғалымы Функ күріш қауызынан құрамында амин тобы бар кристалл зат бөліп алады. Осы затқа Функ дәрумен деп ат қояды. Латынша «вита» - тіршілік, ал « амин» - азотты химиялық қосылыс. Кейінірек табиғатта химиялық құрамы әр түрлі дәрумендердің болатындығы кейбірінің құрамында амин тобы болмайтындығы дәлелденді.

1922 жылы ғалым Бессонов венгер Сант- Дьерм мен бірге С дәруменін ашты. Қазір дәрумендердің 30-ға жуық түрі белгілі. Дәрумендерді латын алфавитінің бас әріптерімен А,В,С,Д,Е т.б белгілейді.

Аукционер: Енді аукционымызды бастайық. Аукцион мынандай жолдармен өтеді.

1.Бір затты сатып алу үшін оның биология пәнімен қандайда болсын байланысын табу қажет.

2.Заттың құны мен деңгейімен межеленеді ( білім денгейіне қарай сатылады).

3.Сатып алушылар тәртіппен кезектесіп сөйлейді.

4.Сатып алғысы келген адам пікірін қол көтеру арқылы білдіреді.

5.Тәртіп сақтауға ерекше назар аударылуы тиіс.

Сонымен организм үшін бірден – бір қажетті заттар дәрумендерді сатуды бастаймыз.

Алғашқы сатылуға А дәрумені түседі, бағасы 500 тенге. Өзін қысқаша таныстыру үшін А дәруменіне сөз беріледі.

А дәрумені (ретинол)

Мен болмасам егерде

Көзің жақсы көрерме?

Жетіспеген ағзаңда

Бойың биік өсер ме?

Майда жақсы еритін дәрумендер тобына жатады. Организмге көбінесе дайын күйде түседі. Адам тәулігіне 1 миллиграмм А дәруменін қабылдауы тиіс. Ретинолдың жетіспеуінен тері құрғап, көздің нашар көруі байқалады. А дәруменінің жетіспеуінен тыныс алу мүшелерінің қабынуы, ас қорыту мүшелері, зәр шығару мүшелері қабынып ауруға шалдығады.

1.Сатып алушы. Мен бұл дәруменді 1000 тенгеге бағалаймын. Себебі айтылғаннан бас-

қа тағамда А дәрумені жетіспесе, балалардың өсуі баяулайды тістері мен шаштарының қалыптасуы нашарлайды, өкпесі мен ішектері зақымданады.

Аукционер: А дәрумені 1000 тенгеге сатылады 1....2...

2 Сатып алушы: Мен А дәруменіне 1500 тенге беремін себебі А дәрумені жарық сезгіш пигмент родопсиннің түзілуіне көмектеседі, адамдардың пәле ауруына қарсы тұру қабілетін арттырады.

Аукционер: А дәрумені 1500 тенгеге стылды 1... 2....3...Сатылды!

Келесі сөз В1 дәрумені тиаминге беріледі. Алғашқы бағасы 500 тенге.

С дәрумені(аскорбин қышқылы)

Мен болмасам мына сенің бойыңда

Тісің мүлдем дүрыс өспей қалады

Ішкен асың бірден сенің бойыңа

Жөнімен тарап сіңіп қалмайды

Суда еритін дәрумен. Ол ас қорыту ферменттерінің жұмысын жақсартады. Көмірсу алмасуын реттейді, бауырда гликоген түзілуіне әсер етеді, организмнің ауруға қарсы тұру мүмкіндігі жақсарады. Адам тәулігіне 70-100мг С дәруменін қабылдау қажет.

Аукционер: С дәрумені сатылды 800тенге бір.. 800 тенге екі...

Сатып алушы: Мен 1500тенге беремін, себебі С дәрумені әр түрлі жемістерде өте көп мөлшерде кездеседі. Қарақат, итмұрын, лимон, орамжапырақ, т.б. С дәрумені жетіспесе адам цинга(қырқұлақ) ауруына шалдығады. 1535 жылы белгілі саяхатшы Жок Карье Атлант мұхиты арқылы Ньюфоундленд аралына саяхатқа шығады. Экспедиция құрамындағы 103 адамның 100 Канада жағалауына келген кезде ауыр дертке дұшар болады. Жоғарыдағы жергілікті тұрғындар теңізшілерге қарағай жапырағының тұнбасын бірнеше күн ішкізген соң олардың жағдайы жеңілдей бастайды. Бұл С дәруменінің жетіспеуінен болатын цинга ауруы еді. Цинга ауруының белгілері: қызылиектің қанауы, сүйектердің, буынның зақымдануы, қаназдық, тістің босауы, түсуі. Алдын алу шарасы: тағам құрамында көкөністердің, жеміс – жидектердің көп болуы қажет.

Аукциоер: С дәрумені сатылды 1500 тенге бір... 1500 тенге екі...

Сатып алушы: Мен бұл дәруменді 2000тенгеге бағалаймын, себебі С дәрумені организмді темекі түтінінің уынан тазартады, ішкі секреция бездерінің жұмысын жақсартады, қан құрамындағы холестерин мөлшерін азайтады, күйіктің, жараның жазылуын тездетеді. С дәрумені итмұрын жемісінде қарақатпен салыстырғанда 6-9 есе, алмамен салыстырғанда 10 есе көп.

Аукционер: С дәрумені сатылды! Бағасы 2000 тенге бір... 2000тенге екі... 2000 тенге үш. Сатылды!

Дәрігер терапевт: Дәруменнің жетіспеу-

шілігі ол денсаулықтың бұзылуы. Дәрумендер организмге тамақпен бірге түседі, сондықтан да тағамның құрамы сапалы болу керек. Кейбір дәрумендер А, Д, В12 жануартектес азық – түліктерде мол болады. Дәрумендерге қажеттілік балалардың өсу кезінде, ауырған кездерде, стресс жағдайында артады. Кейбір жұқпалы аурудың микроптары дәрумендерді ыдыратады, мысалы: туберкулез таяқшасы В1 дәруменін ыдыратады. Дәрумендердің организмге сіңуі және белсенді формаға айналуы аш ішектің сілекейлі қабықшасына байланысты, себебі көпшілік дәрумендер осы жерде сіңеді, сондықтан да аш ішектің қызметінің бұзылуы авитоминозға әкеліп соғады. Сондықтан да дәрумендік препараттарды үнемі пайдаланып отыру тиімді.

Диетолог: Организмді дәрумендердің қажетті мөлшерімен қамтамасыз ету үшін олардың қандай азық – түлік құрамында мол болатындығын білу жеткіліксіз, сонымен қатар оларды тағам құрамында қалай сақтау жолдарында білуіміз керек.

Қайнату, мұздату, кептіру, жарық т.б, факторлар дәрумендерге түрлі әсер етеді. Ең тұрақсызы С дәрумені. 60градусқа қыздырған кезде ыдырай бастайды. Ауа, күн сәулесі, ыл-ғалдылықтың жоғарылауы, бұл дәруменді ыдыратады. А дәрумені жоғары температураға төзімдірек, бірақ ауада оңай тотығады. Дәруменді қышқылдық ортада қайнатуға төзімдірек келеді, ол сілтілік ортада тез ыдырайды. В тобы дәрумендері кулинарлық өңдеу кезінде өте аз бұзылады. Е дәрумені жоғарғы температураға өте төзімді. Ұзақ сақтау, кептіру А,С дәрумендеріне кері әсерін тигізеді, ал Д, Е, В1, В2 дәрумендерге әсері болмайды. Азық – түліктерді ауасыз, жарықсыз. Құрғақ, салқын жерде неғұрлым қысқа мерзімге сақтасақ соғұрлым көбірек құрамындағы дәрумендерде сақталады. Тамақты қақпағы жабық ыдысқа пісіру керек. Қалған тамақты қайта-қайта ысыту, дәрумендерді жояды. Ең негізгі тағамның түрі – сүт тағамдары. Сүт басқа ешқандай азық –түліктерге тең келмейтін аса бағалы тағамдық өнім. Сүтті қақпағы ашық ыдыста қайнату, оның құрамындағы дәрумендерді (А,С) азайтады.

Оқушылардың жаңа сабақтан алған білмдерін пысықтау барысында тест жұмысын алдым.

Бекіту кезеңі.

-Сөзжұмбақ

-Биологиялық диктант

-Адасқан сөздер

Оқушыларға баға қою.

Үй тапсырмасын беру.

Автор:
А.Н.ЕСИМОВА, биология пәнінің мұғалімі Бақтыбай ауылы Ескелді ауданы