Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АҚПАРАТТАР АҒЫНЫ


25 февраля 2011, 07:56 | 2 658 просмотров


Біздің таңдау – Елбасының кандидатурасын қолдау

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы бастауыш ұйымының жиналысы өтті. Жиынды философия және саясаттану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Амангелді Катенов сөз алып, президенттік сайлауға «Нұр Отан» ХДП атынан кандидат болып Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың түсетіні өте орынды. Тәуелсіз жылдар ішіндегі Елбасы мемлекетіміздің саяси беделін көтере білді. Кешегі ЕҚЫҰ саммитінің Астанада өтуі.

Азиада ойындарының айшықты көрініс табуы Президент беделінің арқасында сәтімен жүзеге асты. Сондықтан алдағы сайлауда Елбасына дауыс беріп, мемлекетіміздің іргесін одан да берік ете түсуіміз керек, - десе ардагерлер кеңесінің төрағасы Өтеген Оразалиев: Елдің ынтымағын жарастырып, өзге аз ұлттар өкілдеріне барынша қамқоршы ретінде танылған Нұрсұлтан Әбішұлының бұл мақсаттағы еңбегі ерен. Өз басым елемізде салтанат құрған татулықты, ауызбірлікті, тұрақтылықты жоғары бағалаймын. Өзіміздің балаларымыз бен немерелеріміздің болашағын жарқын да сенімді еткіміз келсе, Президентіміз Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдап дауыс бергеніміз жөн, - деп аталық ақылын айтты.

Жиынға қатысқан бастауыш партия ұйымдарының барлық мүшелері жарыссөзге шығушылардың сөзін мақұлдап, кезектен тыс өтетін президент сайлауында Н. Назарбаевтың кандидатурасын қолдайтындықтарын білдірді.

Автор:
ЖМУ Баспасөз қызметі.