Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Интерактивті тақтаны математика сабағында қолдану


25 марта 2011, 07:44 | 4 939 просмотров



Бүгіннің өзінде интерактивті технологиялар өмірімізге терең еніп улгерген педагогикалық құралдардың бірі, әрбір адамға өз шығармашылық потенциалын барынша ашып, оқуда және жұмыста табысты жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.

Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа бейне, аудио қондырғылар мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электронды оқулықты, интерактивті тақтаны пайдалану оқушылардың белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Интерактивті тақтаны дидактикалық мақсатта пайдалану барысында, бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін арттырып, өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды. Интерактивті тақтаны қызықты және мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады.

Өз тәжірибемдегі математика мұғалімі ретінде тақтайдың кейбір қолдану әдістерін айта кетейін:

•Мультимедиа презентацияларын ұсыну;

•Ауызша есептеулерді жүргізу;

•Ақпаратты біртіндеп берілуі;

•Формула, мәтін, тапсырмалардағы бос орындары толтырылуы;

•Цифр, сөз, сан немесе суретты жылжыту арқылы керекті объекттермен өзара әрекеттесу, байланыстыру;

•Дайын коллекциядағы суреттер кадрларын қиыстыру(кесте, графика, сызықты қағаз, нышандар, иллюстрация, координаталар жүйесi, сызғыш, схема және т. б.) ;

Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсете алады және өзгертеді. Тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивті тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, мұғалім тақта арқылы есеп шығаруды, құрал саймандарды қолдануды көрсетіп, түсіндіреді. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Сонымен, интерактивті тақта оқушылардың ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады.

Мысалы, геометрия сабағында (7 сынып) «Үшбұрыштардың теңдік белгілері » тақырыбы бойынша оқушыларға тапсырма беріледі. Қандай белгі бойынша үшбұрыштар тең екенін анықтап, суретін таңдап, экранның төменгі жағына жылжытып, бөліп қою.

Келесі, геометрия есебін қарастырайық (10 сынып). ABCDA1B1C1D1 кубы берілген. AB қыры арқылы өтетін және CDA1 жазықтығына перпендикуляр болатын қиманы салу керек. Кубты және қималарды салу үшін дайын нышандарды қолданамыз және жазықтықтарды түрлі түстермен көрсетеміз.

Алгебра сабақтарында интерактивті тақтаны тиімді қолдану тәсілдері көп. Түрлі функциялардың графиктерін жылдам салу және оларды түрлендіруге мүмкіндік береді: қысу, созу, параллель тасымалдау. Мысалы, 9 сыныптың алгебра есебін қарастырайық.

Теңдеулер жүйесін графиктік түрде шешу: . Теңдеулер жүйесін түрлендіріп, функция графиктерін саламыз: . Сызба бойынша оқушылар жүйенің дұрыс шешімін анықтайды. Осы сызбадағы функция графиктерін жылжытып немесе түрлендіріп, кері тапсырма беріледі. Жаңа сызбаға сәйкес теңдеулер жүйесін құру.

«Логарифмдік және көрсеткіш функциялар» (11 сынып) тақырыбы бойынша бірнеше функцияларды және олардың графиктерін ұсынамын. Оқушылар оларды сәйкестіндіріп, теңдеулерді дұрыс жылжытып қою керек.

Қортындылай келе интерактивті тақтаны орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі. Интерактивті тақта – барлық сыныпты оқыту үшін таптырмайтын құрал. Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу – тәрбие үрдісін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептеймін.

Жоғарыда айтылған ой-пікірлерді тұжырымдай келе, компьютерді қолдану негізінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор.

Сарикова Гульнара Абылқасымқызы

Туған жылы: 20.04.1976

Білімі: жоғары, Абай атындағы АМУ

Еңбек өтілі: 12 жыл

Санаты: 1

Автор:
Г.А. Сарикова А.В. Луначарский атындағы орта мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Жаркент қаласы.