Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТӘРБИЕЛІ – ТӘРТІПТІҢ ҚҰЛЫ


22 апреля 2011, 07:57 | 5 344 просмотра



Елбасымыздың «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады» - деген сөзі қазіргі ұстаздарға артқан жауапкершілік жүгі. Еліміздің бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Біздің мектепте өткізілетін әр түрлі іс-шараларға қатысып, өз білімдерімен топ жарып, жарыстар жеңімпазы аталып, ұстаздарының мерейін асқақтататын оқушылар орны ерекше. Мектебіміздің мақтанышына айналып үлгерген 10 «А» сынып оқушылары.

Әр түрлі пән олимпиада жеңімпаздары, ҚР Кіші ғылым Академиясының жүлдегерлері де осы сыныпта баршылық. Атап айтсақ Төкенова Жансая Республикалық Кіші Ғылым Академиясының ІІІ орын иегері, Абай оқуларының, Қазақстан тарихынан болған олимпиаданың І орынын, аудандық «Көктем аруы» байқауының І орын иегері болса, Мәтбаева Жанар Мұқағали оқуының жүлдегері, қазақ тілі пәнінен олимпиада жеңімпазы. Матанов Тілеген Ильяс оқулары мен аудандық ғылыми жобалар жарысында І орын иеленсе Нұрғабылов Нұрлыбектің де жеңістері жетерлік. Дәл осындай мектебіміздің мақтанышына айналып үлгерген, дарынымен даралаған оқушылардың басқа да өнерлері баршылық. Жаңадан өркендеп өсіп келе жат-қан ақындар да бар.

Еңбегінің жемісін көрген ұстаз жұмысына жаңа күш-жігермен кірісері сөзсіз. Аталған сыныпты бастауышта мектебіміздің үлгілі де ұлағатты ұстазы Жақаева Айгүл оқытып, тәрбиелесе, қазір оларға жетекшілік ететін Қабижанова Айгүлдің еңбегі ерекше. Сыныбымен қоян-қолтық араласып, балаларының жүрегіне жол таба білген Айгүл ауданда өткен «Ең үздік сынып жетекшісі» байқауының ІІ орын иегері.

Мектепте «Суицидтің алдын алу» мақсатында өткізілген іс-шаралар негізінде атал-ған сынып «Өмір – қымбатсың маған» атты ашық тәрбие сағатын өтті. Балалар өз ойларын ортаға салып, мысалдар келтіріп, өмірдің қаншалықты қымбат екенін дәлелдеуге тырысты. Сөздерінің түйінінде «өзіне-өзі қол жұмсайтындар қорқақ, әлжуаз, өмірге деген қызығушылығы төмен, өз ісіне есеп бере алмайтын балалар» - деп қорыта келе, өздерінің алға қойған мақсаттары мен армандары туралы сыр шертісті. Ұстаз еңбегін ақтап, өз білімдері мен тәртібі арқылы үлгі болып жүрген оқушыларымыздан болашақта үлкен үміт күтеміз. Алар шыңдары мен жетер белестері мол болсын.

Автор:
З.М.ЖАЛТАНБАЕВА «Ж.Бусаков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Шолақай ауылы Панфилов ауданы