Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Программа патшасы-Паскаль» интеллектуалды ойыны


22 апреля 2011, 07:47 | 2 539 просмотров



Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын ерікін және өткенді шапшаң түсіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс өтілетін сайыстардың маңызы зор. Төменде 9- сыныптар аралығында «Программа патшасы-Паскаль» тақырыбында өткізген сыныптан тыс интеллектуалды ойынын жоспарын ұсынып отырмын.

Жүргізуші Құрметті оқушылар, қонақтар, информатика пәнін сүйюші қауым! Мінеки, бүгін өтіп жатқан «Программа патшасы-Паскаль» атты интеллектуалды ойынын жоспарын ұсынып отырмын.

Ойын шарты: сайыскерлерге 16 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.Егер қате жауап берген жағдайда келесі сұраққа жауап беру құқығынан айырылады.

«Бәйге» туры

1.Кез келген программаның алғашқы жолы қандай сөзден басталады? (PROGRAM деген сөзінен және оның тақарыбынан)

2.Паскаль тіліндегі программа нешебөлік-

тен тұрады? (үш)

3.Амал белгілер, тіркестік тұрақтылар, айнымалылар және функция атауынан құрал-

ған, ұзындығы 256 символдан аспайтын тізбек. ( тіркестік өрнек)

4.Программа сипаттау бөлігі неше бөліктен тұрады? (бірнеше бөліктен тұрады, бірақ программаның күрделігіне байланысты 1 немесе 2 ғана бөліктен тұруы мүмкін).

5.Берілген және есептелген мәндерді меншіктеу, соларды өңдеу, салыстыру операция-

ларын орындау үшін (операциялар немесе амалдар).

6.Жүргізуші:

7.«Ана тілім-арым бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте «-Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас сайыскерлердің тіл дбілімін тамашалайық. Демек, келсі сайысымыз «тіл-өнер» деп аталады.

«Тіл -өнер» турында, сайыскерлерге жұмбақталып жасырыпа сөз оқылады. Оқылған ұпай, ал екі тілде айтса 10 ұпай беріледі.

«Тіл-өнер» туры

1.Логикалық көбейтудің атауы (және, и and)

2.Ақпараттың қайнар көзі (табиғат, природа, nature)

3.Программадағы немесе мәтіндегі кемшілік (қате, ошибка, error/mistare)

4.Қоршаған орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер (ақпарат, информация, information)

5.Шартты оператор (егер, если,if)

Жүргізуші:

2 тур қорытындысы бойынша ұпай саны ең аз оқушыны «Ойында жеңілсең де, өмірде жеңілме» деп, ортадан қошеметпен шығарып саламыз.

Келесі кезең «Жүйрік болсаң, озып көр»

«Жүйрік болсаң озып көр» туры

Бұл турда ұпайы ең аз оқушыдан баста, санмен белгіленген кесте ұяшықтарын таңдауына мүмкіндік беріледі. Сұрақтың күрделігіне байланысты 1 мен 5 аралығы 10 ұпай, 6 мен 10 аралығы 15 ұпай, 11 ден 15 аралығы 20 ұпайға ие бола алады.

1.Паскаль тілінің айнымалылар бөлімі

а) label б)var в) type

1.«Және» логикалық операциясының жазылуы.

а) or б) not в) and

3.Паскаль тіліндегі логикалық айнымалылар типінің жазылуы

а) char б) Boolean в) real

Жүргізуші:

Ұпайы аз 1 оқушыны рахметімізді айта отырып, қошеметпен ортаға шығарып саламыз.

Көкпардың сабақтан көп сұрағы,

Шәкірттердің білгірі алға шығады.

Асықпаңдар, ойланыңдар, балалар.

Үш жауап бар біреуі оның шырағы.

Алдарыңызда информатика пәні бойынша сұрақтар берілген. Сұрақты ұпайы аз оқушыдан бастап таңдайды. Сұраққа жауап бере алмаған жағдайда, басқа оқушылар алдарындағы жауап нөмірін көтеру арқылы жауап беру құқығына ие бола алады.

«Дода-Көкпар»

1.Программалау тілін машина тіліне автоматты түрде аударатын түрлендіргіш:

а) интерпретатор б) транслятор в) компилятор

2. Транслятор нешеге бөлінеді?

а) 2 б) 5 в) 3

3. Берілген программаның әрбір жолын жеке-жеке аударып отырып орындайтын транслятор түрі.

а) интерпретатор б) транслятор в) компилятор

Ойынымыздың шешуші сәті жеңімпазды анықтап, марапаттау. «Программа патшасы Паскаль» ойынының жеңімпазы атағын беру төрешілер өздеріңізде. Ойынға қатысқан бас-

қа да оқушыларға диплом тапсыру, заттай сыйлықтар беру.

Жүргізуші:

Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайлы айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ!

Бүгінгі көріп тамашалағн зердені жетілдіру «Програма патшасы -Паскаль» ойыны өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарың-

ыз үшін алғысымыз шексіз.

Автор:
К.М.УМИРГАЛИЕВ, Ақжар орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Алакөл ауданы Алматы облысы