Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Етістіктен өткенді қайталау


24 июня 2011, 07:44 | 4 750 просмотров


Сабақ эпиграфы: Өз тілінің сұлулығын сезінбей, өзге тілдің сұлулығын сезіну екіталай

Б.Момышұлы

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың етістік бойынша алған білімдерін бақылау, мағынасы жағынан ажырата білуге үйрету.

2. Тәрбиелік: Халықтық педагогика үлгісінде тәрбиелеу, салт – дәстүрімізді құрметтеу.

3. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, танымдық әрекетті дамыту, шығармашылыққа баулу.

Сабақ түрі: ойын сабақ

Сабақтың көрнекілігі: тірек – сызба, интерактивті тақта, семантикалық карта, қима қағаздар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, ағылшын

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлауға дамыту, талдау, шығармашылық

Техникалық құралдар: компьютер

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, оқушылардың ынтасын сабаққа аудару.

2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Сабақтың мақсаты мен жоспары:

Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының мына кезеңдері бойынша

І. Ой қозғау. Мен бір жұмбақ адаммын

Мәуелі бәйтерек

ІІ. Қызығушылықты ояту кезеңі. Білгенге маржан ....

Алтын қақпа Өзге тілдің бәрін біл

ІІІ. Мағынаны ажырату кезеңі.

Семантикалық карта Сатылай кешенді морфологиялық талдау

ІV. Ой толғаныс кезеңі.

Оқулықпен жұмыс Венн диаграммасын құру

Қазақ тілі - өз тілім ана тілім

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым дара тілім – деп ақын ағаларымыз жырлағандай сөз құдіретін жете түсініп, әдемі де әдепті, көркем де шешен сөйлеуімізге айқара есігін ашатын, қазақ тілі сабағына қош келдіңіздер!

Сыныпты екі «Есімше» және «Көсемше» топқа бөле отырып, сабағымыздың І кезеңінің тапсырмасына көшейік. Яғни, І кезеңнің «Мен бір жұмбақ адаммын» бөліміне тоқталық. Тапсырма «Мәуелі бәйтерек» деп аталады. Ойынның мақсаты: Етістік және оның түрлерін қайталау. Ол мынадай бірнеше жапырақ сұрақтардан тұрады:

1. Етістік дегеніміз не?

2. Етістіктің құрамына қарай қандай түрлері бар?

3. Есімше дегеніміз не, қалай жасалады?

4. Көсемше дегеніміз не, қалай жасалады?

5. Етістік дегеніміз не, қандай түрлері бар?

6. Салт, сабақты етістік дегеніміз не?

7. Болымды және болымсыз етістіктер дегеніміз не?

8. Тұйық етістік қандай жұрнақ арқылы жасалады?

Бәйтеректің эскизі салынып, оған нөмірленген жапырақшалар ілінеді. Тамырын тереңге жайған бәйтерек сияқты етістік те сөз таптарының ішіндегі ең күрделісі, кең тамырлысы. Етістіктің түрлерін, қызметін меңгеру, оның мәуелі бәйтерегін көркейте түседі.

Сабағымыздың екінші сатысына көшелік.

І бөлімдегі қақпа сұрақтарына кезек берелік.

Ойын мақсаты оқушылардың ойлау, танымдық қабілеттерін дамыту, салт – дәстүрді құрметтеу. Ойын шарты: 3 кезеңнен тұрады. Әр қақпаға арнайы сұрақтар беріліп, оған тиісті жауабы алынып отырады.

1. Тас қақпаның сұрағы:

Байғазы сөзінің мағынасы нені білдіреді?

Байғазы – жаңадан алынған затқа немесе киімге берілетін сый.

2. Күміс қақпаның сұрағы:

Құс атымен тұлғалас етістікті айтыңыз (Қаз)

3. Алтын қақпа сұрағы:

Салт – дәстүрді құрметтеу – баршамыз-

ға ортақ борыш.

Борыш сөзіне математикалық жолмен фонетикалық талдау жасау.

Борыш сөзі 2 буыннан тұрады: 1 – ашық, 2 – бітеу.

2 - Дауысты дыбыстарға мінездеме беру.

ІІ кезеңнің 2-бөліміне көшелік.

Ол бөлім «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», - деп аталады.

Мақал – мәтелдерді жалғастырып, сыңарларын үш тілде айту (қазақ, орыс, ағылшын).

1. Батыр туса ел ырысы, ...... жауса жер ырысы.

Жаңбыр, дождь, rain

2. Адал дос ..... қымбат.

Алтын, золото, gold

3. Оқу – білім бұлағы,

Білім – ..... шырағы.

өмір, жизнь, life

4. Күш – білімде,

Білім - .....

Кітап, книга, book

5. Ең тәтті де, ең ащы да - .......

Тіл, язык, language

Ойынның ІІ кезеңінен кейін сергіту сәтін ұйымдастырамын. Ақырын музыка ойналып тұрады. Оқушылар бір – бірінің қолдарынан ұстап, жақсы тілектер тілейді. Ары қарай ойынның ІІІ кезеңі, бұл «Мағынаны ажырату кезеңі» деп аталады.

Ойын шарты:

Семантикалық картамен жұмыс жүргізу. Берілген сөйлемдер бойынша етістік түрлерін анықтау. Етістіктерді тауып, ережелермен дәлелдеп отыру.

ІІІ кезеңнің 2 – бөліміне көшіп, асты сызылған сөзге сатылай морфологиялық талдау жүргізу.

Еңбекті сүйгенді ел сүйеді.

сүйеді

етістік

сұрағы: қайтеді?

дара етістік

болымды

сабақты

ауыспалы келер шақ

ашық рай

сөйлемдегі синтаксистік қызметі - баяндауыш

Ал енді IV кезеңге, «Ой толғаныс» кезеңі-

не көшелік.

Күш – білімде, білім – кітапта.

Ендеше баланың білім алуға, дүниетанымын кеңейтіп, даналығына жол ашатын оқулықпен жұмыс жүргіземіз. Оқулықтан 267 - жаттығуды орындату. Мұнда есімшелерді бір бөлек, көсемшелерді бір бөлек теріп жаздыртамын.

Сабақты қорыта келе, Венн диаграммасын құрату. Етістіктің «Есімше», «Көсемше» тобы арасындағы жалпы ұқсастықты табу.

Үй жұмысы: Етістік түрлеріне сөйлем құрату.

Бағалау: «5» «4» «3»

Автор:
Б.Н.ЕРЖАНОВА, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мойнақ ауылы №23 орта мектеп Талдықорған қаласы