Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Алматы облысының білім беру жүйесіндегі отбасы, мектеп және қоғамның игілікті болашақ жолындағы өзара ынтымақтастығы»


26 августа 2011, 07:56 | 4 199 просмотров



Алматы облысы білім басқармасының бастығы Ғалия Матанқызы Аманованың тамыз кеңесіндегі

баяндамасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың табыстылығы - ең алдымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың білім беру саласын жаңғырту мақсатында қойған міндеттерін атқаруға бағытталған. Ол білім беруді модернизациялауды жалғастыруға, сонымен қатар сапалы білім беруді Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналдыру болып табылады. Бұл бізден білім беру жүйесін үздіксіз жетілдіруді, құқықтық базаны жаңартуды, жас-

тардың заман талабына сай бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, оқытудың үздіксіздігін қамтамасыз етумен, әлеуметтік әріптестікті дамытуды, қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен ен-гізуді сонымен қатар, білім беру мекемелерінің материалдық- техникалық базасын нығайтуды талап етеді.

Бүгінгі күні білім беру– ең өзекті мәселелердің біріне айналды. Өйткені бұл салаға бағытталған инвестиция ең қайтарымды, ең игілікті іс болып табылады. Саланың бюджеті 2005 жылы 28 млрд. теңге болса, қазір 73,7 млрд. теңгені құрады. Ол өткен жылмен салыстырғанда 17,7 пайызға артты. 2010 жылы 60,7 млрд. болған.Облысымызда 2010 жылы 8 мектеп, (3 респ. Панфилов ауданы-450 орындық, Жамбыл-550, Талдықорған-«Назарбаев зияткерлік мектебі» - 900) жергілікті бюджеттен 5 мектеп (Қарасай -300, Еңбекшіқазақ -300, Кербұлақ -2-360, Көксу-180) салынды. Білім беру нысандарының құрылысын салу мәселелері бойынша біздің облысымыз республика деңгейінде алдыңғы қатарда. Ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен 15 орта мектептің құрылысы жүргізіледі,2 млрд. 296 млн.454 мың теңгеге жалпы жобалау қуаты 1371 орындық 6 орта мектептің құрылысы оқу жылының аяғына дейін салынады, сонымен қатар 2 білім беру нысанын қайта жаң-ғырту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ: Көксу ауданы Мұқаншы орта мектебі, Сарқан ауданы Аманбөктер орта мектебінің ғимараттары.

Сонымен қатар 104 білім нысандарына кешенді жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен – 6 млрд. 645млн.900 мың теңге қарастырылған. «Балапан» бағдарламасы бойынша 2млрд.401млн.200 мың теңгеге 28 балабақша күрделі жөндеуден өткізілмек.

2011 жылы 1млрд.700млн. теңге қаражат бөлініп, жалпы білім беру мектептеріндегі биология кабинеттеріне оқу құралдары алынып, лингафонды-мультимедиялық кабинеттер жабдықталды.

***

Бүгінгі күнде отандық білім беру жүйесі халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті, жаңа білім мен технологияларды түрлі қызмет аясында қолдана білетін, үнемі өз білімін жетілдіріп отыруға ынталы мамандарды даярлауға бағытталған. Сондықтан да «e- learning» электронды оқыту жүйесі білім беруді дамытуды жүзеге асыратын негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Электронды оқытуды енгізу индикаторы 1 компьютерге шаққандағы бала санына, кең көлемді ғаламтор және сандық мазмұнмен қамтамасыз етуге негізделген.Бұл білім басқармасы үшін басым бағыт болып табылады. Компьютерлермен жабдықтау көрсеткіші жыл сайын жақсарып келеді.

Егер 2010 жылы 1 компьютерге 15,4 баладан келсе, 2011 жылы компьютерлер саны -21 490-ға артып, яғни 1 компьютерге 13,6 оқушыдан айналды. Сондай-ақ облыс мектептері жаңа тұрпатты кабинеттермен жабдықталуда. Бүгінгі күнде 266 облыс мектептері аталған кабинеттерге ие болып отыр. 2011 жылдың аяғына дейін 49 мектепке лингафонды-мультимедиалық кабинеттер орнату жоспарланып отыр. 151 мектеп «Sabak. kz.» порталына шыға алатын интербелсенді тақталармен жабдықталған. Қашықтықтан оқытуға 300 мектеп қосылды, бұл 40,2 % құрайды. 2007 жылдан бері мектептер ғаламторға 100% қосылды. Қазіргі кезде электронды оқытуды енгізудің өзектілігі ретінде білім беру мекемелерін 4 –тен 10 мега-битқа дейін қабілетті кең көлемді Интернетке қосуды атауға болады. Бүгінгі күнде мұндай кең көлемді Интернетке 306 мектеп қосылған, бұл 41,4 % құрайды.

***

Бүгінгі күні мектеп жұмысының сапалы көрсеткіші - Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындылары. 17807 қазақ және орыс тілінде оқыған түлектердің 15173-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты, сонымен қатар ұйғыр тілінде оқыған 143 түлек қазақ және орыс тілінде Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды. Сонымен, Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан оқушылар саны- 15316, оның қатысу пайызы -85,3%. Тестілеудің облыстық орташа көрсеткіші - 82,1 балл болды, өткен жылы- 81,1.

Сондай – ақ жыл сайын жоғары балл көрсететін мектептер: Талдықорған қаласындағы Мұхтар Арын атындағы №24 арнаулы лицей – 112,2 балл.

100 баллдан жоғары алған мектептер: Талдықорған қаласындағы №20 арнаулы лицей -111,2 балл, Сарқан ауданындағы Пограничник орта мектебі -109,0 балл, Алакөл ауданындағы Қазақ гимназиясы -108,0 балл, Жамбыл ауданындағы Көкөзек орта мектебі – 106,3 балл, Қарасай ауданындағы Үшқоңыр орта мектеп-гимназиясы -104,0 балл, Қосынов атындағы орта мектеп -103 балл, Белинский атындағы орта мектеп -102 балл, Панфилов ауданындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп- 102 балл, Кербұлақ ауданындағы Беріктас орта мектебі – 100,3 балл, Еңбекшіқазақ ауданындағы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп – 100,2 балл.

***

Отандық білім беруде 12 жылдық оқытуға көшудің нақты мерзімі белгіленді. Бұл барлық педагогтардан жас ұрпақты жаңашылдыққа, шығармашылдыққа, ұшқырлыққа дайындауды қажет етеді. Бұл бүгінгі күн талабы. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арнал-

ған Мемлекеттік бағдарламасы бағыттарының бірі - ваучерлік-модульдік қаржыландыруды енгізу болып табылады. Бұл мұғалімнің кәсіби біліктілігін өз бетінше көтерудің ең тиімді нұсқасын пайдалануға, тіпті оған шетелдік орталықтарды таңдауға мүмкіндік береді.

Облыстық мамандар кәсібін дамыту инс-

титуты базасында курстық жүйе арқылы білім беру ұйымдарының мамандарына ғылыми-әдістемелік көмек көрсетіледі. 2005-2010 жылдан бері 12-жылдық білім беру бойынша 6662 педагог курсқа қамтылды, 2011 жылдың аяғына дейін қайта даярлаудан 600 адам өту жоспарлануда. Біліктілікті көтеру курстарының барлығында білім сапасын арттыру мәселелері жаңа парадигма контекстінде қарастырылады.

Өткен оқу жылында облысымызға 632 жас маман келді, оның ішінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 577 жас маман жұмысқа орналасып, оларға айлық есеп көрсеткішінен 70-есе көлемінде көтерме жәрдемақы төленді. Ауылды жерде жұмыс істейтін әрбір мұғалімге коммуналдық қызмет үшін 5 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде өтемақы төленеді, сондай-ақ жыл сайын жалақысына 25% үстеме қосылып отырады.

***

Жасөспірімдердің денсаулығын нығайту баршамыздың қызметіміздегі басым бағыт болуға тиіс. Медициналық тексеру нәтижелеріне қарағанда, жаңа туған нәрестеден 18 жас-

қа дейінгілердің 15 пайызының ас қорыту органдарының ауыратындығы анықталған, 9 пайызының тыныс алу, 21 пайызының қан және қан түзейтін органдарында, 6 пайызының көру органдарында кінәрат бар.

Аталған аурулардан айықтыруға биыл 194,6 млн. теңге бөлінді. 140 мектепте жаңа талаптарға сай медициналық құралдармен жабдықталған стоматологиялық кабинеттер ашылды.

Бүгінгі таңда балалардың денсаулығын нығайту - ең өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Мектептерде сапалы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруды іске асыруда балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз етудің маңызы өте зор. Қазіргі кезде 420 мектепте (жалпы мектептер санының 57 пайызы) 201416 оқушыға (жалпы мектептер санының 69 пайызы) ыстық тамақ ұйымдастырылған.

Биылғы жылы 221944 жасөспірім жазғы сауықтыру демалыстарымен және еңбектің барлық түрлерімен қамтамасыз етілді. Бұл 1-10 сынып оқушыларының жалпы санына шаққанда 81,3 пайызды құрайды.

***

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен республикамызда жалпы білім беретін мектептерді қамтитын, екі буыннан тұратын «Жас Ұлан» атты балалар мен жасөспірімдер ұйымы құрылмақ. Бүгінгі күні жаңа оқу жылынан бастап «Жас қыран» және «Жас ұлан» қатарларына оқушыларды қабылдауды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жастар ұйымының міндеті - балалардың бойында қазақстандық патриотизм, көшбасшылық, қоғамға шексіз қызмет көрсету қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.

Қылмыс бойынша көрсеткіштердің соңғы уақытта төмендегеніне қарамастан, кемшілік-

тер де жоқ емес. 2010 жылдың 1 жартыжылдығында 108 заңбұзушылық тіркелген. Ал 2011 жылдың осы мерзімінде 89 қылмыстық істер орын алды. Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында 1174 кәмелетке толмағандар түрлі заң бұзушылықтары үшін арнайы есепке қойылды (2010ж. – 1395). Негізінде қылмысты тұрақты оқумен қамтылмаған оқушылар жасайды. Өкінішке орай, оқуға бармай жүрген оқушылар да жоқ емес. 2009-2010 оқу жылында осындай 168 бала анықталды. Олардың ішінде оқу жылының аяғына дейін 32 бала сабаққа бармаған.

Қазіргі кездегі ең өзекті жайт - жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі болып отыр. Өкініштісі, жүргізілген жұмыстарға қарамастан, мектеп оқушылары арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау әлі тоқталмай тұр.

Бұл жұмыстар әлі де өз жалғасын табуда. Психолог мамандардың пікірі бойынша өзіне-өзі қол жұмсаудың себебі әлеуметтік-психологиялық жағдайдың төмендігі, жеке тұлғаның қоршаған ортамен қарым-қатынасының бұзылуы болып табылады. Отбасындағы ауыр психологиялық ахуал, ата-аналардың ажырасуы, тағы басқа келеңсіз жайттар жасөспірімдерді өзіне-өзі қол жұмсауға итермелейді. Сондықтан аудандық (қалалық) білім бөлімдері жасөспірімдер арасындағы тосын жағдайларды ерекше бақылауға алып, зерделеуі қажет. Мектептің психологиялық қызметі өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алуда үлкен рөл атқаруы керек.

***

Білім беру жүйесінің ұйымдары мен білім басқармалары барлық мүмкіндіктерін пайдаланып, оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру қажет. Ол үшін:

1. Барлық мектеп жасындағы балаларға сапалы білім алуға мүмкіндік беру, осы орайда Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес отандық дәстүр және әлемдік тәжірибе негізінде оқу-тәрбие үрдісін әрі қарай жақсарту жөнінде жұмыстар жалғастырылсын.

2. 12 жылдық білім беруге көшуді қамтамасыз ету мақсатында облысымызда білім берудің бірыңғай ақпараттық ортасын, оқу -әдістемелік тиімді жүйесін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастыру.

3. Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың барлық түрлеріне қол жеткізу мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейтуді жалғастыру.

4. Кәмелетке толмағандардың бос уақытын тиімді өткізу, шығармашылық қабі-

леттерін дамыту мақсатында мектептен тыс ұйымдардың санын көбейту жұмыс-

тарын жандандыру.

5.Мектептерді педагогикалық базалық білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету талаптарын күшейту, қазіргі сұранысқа сәйкес жаңа тұрпатты мұғалім тұлғасын қалыптастыру.

6. Мектептерді компьютермен жабдықтау және ғаламтор желісіне қосу және оларды қазіргі оқу-тәрбие үрдісінде тиімді қолдану жұмыстарын жалғастыру.

7.Қылмыстың алдын алуға жауапты ұйымдармен бірлесе отырып, жасөспірімдер арасындағы жағымсыз іс-әрекеттердің алдын алуда отбасы, мектеп, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен жүргізілетін жұмыстарды күшейту.

8.Білім беру ұйымдарында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыстар жандандарылып, оқушылардың дене шынықтыруына қолайлы жағдайлар жасау.

Қымбатты әріптестер!

Жоғарыда айтып өткеніміздей, жылдар бойы жинақталған мол тәжірибеміздің арқасында қол жеткізген жемісті жетістіктерімізбен қатар кемшіліктерімізге де баса назар аудардық.

Біздің барлық іс-шараларымыз мемлекетімізді жаңа тұрпатта дамытуға үлес қосатын окушылардың сапалы білім алуына бағытталған.

(Баяндама қысқартылып алынды).