Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Биология сабақтарында оқушылардың танымдық құштарлықтарын арттырудың тәсілдері


26 августа 2011, 07:49 | 3 187 просмотров


Оқушыларға тиянақты білім беру мақсатында оқыту әдісін жетілдіру әр ұстаздың негізгі міндеттерінің бірі. Алайда оқушылардың танымдық құштарлығын арттыруда оқылатын материалдарды оңайлату деп түсінуге болмайды. Материалдардын неғұрлым білім нәрін қамти алатын , оқушылардың ойлау қабілеті мен логикалық шешімділігін дамыта алатын негізде ұйымдастырылуы әсерлі болмақ .

Биология сабағын оқытуда оқушылардың пәнге деген құштарлығын арттыруда-сабақта көркем әдебиеттерден үзінді оқу, жануарлар мен өсімдіктер жайында ертегі, әңгіме, жаңылтпаштар, халықтық мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды пайдалану.

Халқымыздың ерекше қастерлеп, талай ғасырлар бойы аялап, қамқорлық жасап келген табиғат байлықтары-өсімдіктер мен жануарлар әлемі. Халқымыз тұрған жерінің өсімдіктерін және олардың қасиеттерін мақал-мәтелдерге айналдырып дүниетанымға, білімге, жақсы мінезге тәрбиелеуге арқау еткен. Мысалы: «Арпа, бидай ас-екен, алтын, күміс-тас екен» деген өмірдің, тіршіліктің негізгі тірегі не екенін көрсетіп тұр. «Сұлы берсен атқа бер, қатыр-құтір шайнасын» деген мақал жылқы малының күтімі үшін сұлы өсімдігің аса бағалы екендігін білдіреді. Осы сияқты «Өленді жерде өгіз семіреді», «Бал-құрақ-көлдің сәулеті», «Тауына қарай тоғайы», «Түйенің танығаны жантақ», «Шөп те болса, көп болсын», «Ер жігіттің екі сөйлегені-өлгені, еменнің майысқаны-сынғаны», «Судың түбін шым бекітер» дегендерде өсімдіктің тіршіліктегі маңызы көрсетіледі.

Өсімдіктердің гүліне байланысты сабақтарда, гүлдің маңызы, қасиеті, сипаты, реңі інжу-маржандай алыстан көз тартып, жауқазындай жайқалған, хош иісті гүлдер туралы мақал –мәтелдер: «Гүлсіз дала мұң, ойынсауықсыз адам мұң», «Гүл өссе-жердің көркі, қыз өссе-елдің көркі», «Қыз-халықтың гүлі, өлең –сауықтың гүлі». Осы сияқты мақал-мәтелдерді «Гүл» тақырыбында оқушыларға таныстыра келіп, қазақ халқы қыздарын, гүлге теңейтіндігін, қыздарына гүл атымен есім берілетіндігі, мысалы: Раушан, Райхан,Қызғалдақ және т.б. қызды да , гүлді де уағыздайды. Білім беру орындарында «Тәнтану» пәнінде адамдар мен жануарлардың сезім мүшелері жайлы сабақ жүргізгенде иістің негізгі түрлері (эферлік, камфорлық, жалбыздық, мусқаттақ, хош иістік, шіріктік) гүлді өсімдіктерге байланысты екенің және казіргі кезде парфюмерия өндірісінде иіс сулармен, кремдердің гүлдер қоспаларынан тұратындығын айта кету оқушылардың дүниетанымын терендетеді.

Автор:
Аль-Фараби атындағы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі