Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ОҚЫТУШЫЛАР МЕН БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ АР КОДЕКСІ


23 сентября 2011, 07:59 | 2 621 просмотр



Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен білімгерлер қоғамдастығы, жоғары білім беру жүйесінің басты мақсаты: мамандығын жетік меңгерген, жаңашыл ойлауға қабілетті, ой-өріс мүмкіндікерін игерген, кәсіби және мәдени бағытталған тұлғаны дайындауды іске асыруда өз жауапкершілігін сезіне отырып және бірлесіп басқару принциптерін дамыту мен нығайтуды өзінің парызы деп санап, Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары оқытушылары мен білімгерлерінің Ар Кодексін қабылдайды және оған сөзсіз бағынуды өз міндеттеріне алады.

Білімгерлердің Ар Кодексі

Білімгер өз бойындағы жеке шығармашылық қабілеттерін дамытып, өзі таңдаған мамандығының кәсіби шебері болуға, Қазақстан Республикасына лайықты азамат болуға ұмтылады.

Білімгер үлкендерге құрметпен қарайды, өз ортасына қарым-қатынас кезінде дөрекілік танытпайды және әлеуметтік қорғалмаған адамдарға жанашырлық көрсетіп, мүмкіндігінше қамқор болады.Білімгер парасаттылықтың, мәдениет пен адамгершіліктің үлгісі, әдепсіздікке және жыныстық, ұлттық, діни бөлулермен шектеулерге жол бермейді.

Білімгер салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден аулақ болады.

Білімгер жоғарғы оқу орнының дәстүрлерін құрметтейді, оның мүліктерін қорғап, білімгерлер Үйінің тәртібі мен тазалығын қадағалайды. Білімгер жоғарғы оқу орнының атағы мен мәдениетін көтеруде шығармашылық белсенділіктерін дамытуға бағытталған (ғылыми, спорттық, көркемөнер т.с.с.) барлық қажетті және пайдалы іс-әрекеттерді мойындайды.

Білімгер жоғарғы оқу орнының қабырғасынан тыс уақытта, өзінің жоғарғы мектептің өкілі екенін есте ұстап, оның намысы мен жетістіктерін түсірмеуге барлық күшін жұмсайды

Білімгер академиялық ықылассыз іс-әрекет түрлерімен күресуді өзінің парызы деп санайды, олардың қатарында: білімді бақылау кезінде басқа адамдардан көшіру және көмек сұрау; көлеміне қарамастан барлық дайын оқу материалдары: мәнжазбалар, курстық жұмыстар, бақылаулар, дипломдық және басқа да жұмыстарды, сонымен қатар, өзінің жеке еңбегінің нәтижесі ретінде Интернет-ресурстарын дайындау; жоғары баға алу үшін өзінің туыстық немесе қызметтік байланыстарын қолдану; сабақ кезінде серуендеу, сабақтан кешігу және себепсіз оқу сағаттарын босату. Білімгер болашақта Қазақстанның экономикалық, саяси және басқарушылық элитасына лайық сапалы және бәсекеге қабілетті білім алуда, жоғарыда айтылған барлық академиялық ықылассыз іс-әрекеттер үйлесімділік танытпайды деп санайды.

Оқытушының Ар Кодексі

Оқытушылық қызметтің басты бағыты - білімгерлермен жұмыс жасау, олардың білімділігі мен мәдениеттілігіне қамқор болу, өз Отанының шынайы патриоты болуға тәрбиелеу

Оқытушы педагогикалық шеберлігі мен өзінің теориялық білімін үнемі жетілдіріп отыратын кәсіби маман болуы тиіс, білім жолындағы ізденісі негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізіп, нәтижелерді хабарлауда дәлелелдемелермен қамтып, пікір алысу барысында шыншылдық танытуы қажет.

Оқытушы – ұқыптылық пен парасаттылықтың, имандылық пен өнегеліліктің белгісі, Қазақстан мемлекеттілігінің белсенді насихаттаушысы, жемқорлықтың, жауапкершіліксіздік пен тәртіпсіздіктің ұстамды қарсыласы.

Оқытушы өз іс-әрекетімен білімгерлерге еңбек және оқу тәртібінің ережесін сақтаудың қажеттілігін, әріптестермен сыйласымды қарым-қатынас орнатуды дәлелдейді, өзіне, өзінің сөзі мен іс-әрекетіне талап қояды, өз қателіктерін ашық мойындайды және оны түзетеді.

Оқытушы білімгерлер мен өз әріптестерін кәсіби бағалауда шыншылдық танытады, ол жинақы, оның сөзі ісіне сәйкес келеді, қызмет барысында өзінің бағытын ашық көрсетеді және өз көзқарасын дәлелдей біледі.

Қазақстанның жоғарғы оқу орындары оқытушыларының Ар Кодексі өнегелілік ережелерінің, қазақ қоғамы мен мемлекетінің жалпы халқы мойындаған ережелер мен әдептілік принциптеріне негізделген міндеттері мен тәртіптерінің жүйесі.

Біз, оқытушы мен білімгерлердің Ар Кодексімен жүруге және берілген міндеттемелерді іске асыруды өз жауапкершілігімізге аламыз. Біз, өзіміздің жоғарғы оқу орындарымыздың өнегелілік пен танымдылықтың үлгісі болуына және Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының алдыңғы қатарын құруға белсенді атсалысамыз.