Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ»


23 сентября 2011, 07:53 | 2 380 просмотров



Мемлекетіміздің болашағы –бүгінгі ұрпақ. Осыған орай еліміздің егемендігін баянды ету үшін ұрпағымзыға сапалы білім, саналы тәрбие берілуі қажет. Ал, сапалы білім, саналы тәрбиені білім ошағы-мектеп берері сөзсіз. Өкінішке орай, түрлі себептер кедергі болып, мектепке келе алмай отырған балалар да баршылық.

Осыған байланысты еліміздің барлық өңірлерінде елбасымыздың мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету туралы тапсырмасы бойынша «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізіліп отыр. Бұл акцияның мақсаты-жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу.Аталған қайырымдылық акциясына №2 орта мектеп ұжымы да белсене кірісіп кетті.

Акцияның өткізу барысы жөнінде мектебімізде іс-шаралар жоспары құрылып, белсенді оқушылар комитеті де сайланды. Мұндай іс-шараға оқушылар белсенділік пен қызығушылық танытты. Өйткені өздері сияқты балалардың әлеуметтік себептермен мектепке бармай қалуы оларды бей-жай қалдырмады. «Мектепке ең үздік жол» тақырыбында үздік шығармалар, суреттер мен өлеңдер байқауы да жарияланды. Мектебімізде көмекті қажет ететін аз қамтамасыз етілген отбасылары анықталып, оларға тегін сөмкелер таратылды. Бір-бір сөмкені иеленген балалардың қуаныштары мен алғыстары шексіз болды. Сонымен қатар акцияның мақсатын түсіндіретін «Мектепке жол» ақпараттық стенді дайындалып, плакаттар таратылды.Бұл плакаттарда қараусыз,қадағалаусыз жүрген балаларға мектептің маңызы түсіндіріліп қана қоймай, жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларына көмек, қолдау көрсете алатын азаматтарды акцияға тарту болып табылады.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді Мектепке түрлі себептермен келе алмай жүрген балалардың тағдыры ешқайсымызды бейқам қалдырмауы керек. Өйткені, бүгінгі ұрпақ-ертеңгі еліміздің жарқын болашағы. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына әр азамат белсене қатысып, өз үлесін қосатынына сенімдіміз.

Автор:
Раушан Мухаметшарова, №2 мектептің сынып жетекшілер әдістеме бірлестігінің жетекшісі.