Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Математика сабағында модульдеп оқыту технологиясы


21 октября 2011, 07:41 | 3 422 просмотра



Қазіргі мектеп бағдарламаларында қысқаша теориялық тұжырымдардан соң іле-шала практикалық кезең – есептер шығару, жаттығулар орындау кезеңі басталады. Теориялық материалды игеріп болған соң ғана практикаға кіріскен ләзім, себебі теориялық білім жетекші роль атқарады, яғни теориялық білімді игеріп болған соң ғана басты назар практикаға аударылады. Оқу ісі нағыз осындай жол-

ға қойылғанда ғана балалардың білімінде іс жүзінде ешқандай ала-құлалық болмайды. Әдетте адам бір нәрсені жақсы меңгерсе, осы сала бойынша өз танымын одан әрі кеңейте түсуге деген табиғи талпынысының арта түсетіні баршаға белгілі жәйіт. Мектеп оқушыларына тиянақты, берік білім бере отырып, біз оларды ой-сана еңбектері рухында тәрбиелейтін боламыз.

Материалды үлкен-үлкен тақырыптар, бөлімдер бойынша түсіндіру оны дұрысырақ қорытуға, бұрынғы жекеленген теоремаларды, ережелерді, параграфтарды өзара логикалық байланыста танып білуге мүмкіндік береді. Оқушыға тақырыптық бір бөлігі ғана емес, оны тұтастай көріп-білуге алда не күтіп тұрғанына көз жеткізуге мүмкіндік тудырады. Осыған орай Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту әдісі мен Жанпейісованың модульдеп оқыту әдістерін қолданамын. Модульдеп оқыту ар-қылы – біріншіден, сабақ басталысымен оқушы өзінің не істеу керектігі, яғни сабақтың соңында өзінің нені біліп шығу керектігі жөнінде толық мағұлмат алады. Бұлай болатын себебі, оқушыларға мұғалім алдын-ала дайындаған сабақтың жүру жоспарын, яғни орындайтын тапсырмалар нұсқасын таратып береді. Онда сабақтың түпкі және оның әрбір элементінің нақты мақсаты көрсетіледі. Екіншіден, топ ұжым болып жұмыс істеу кезінде оқушы өз пікірінің дұрыстығын немесе қателігін көрсетуге, онымен пікірлесе отырып ұжымдық шешім қабылдауға үйренеді. Оқушыда өз білімін өзі бағалау және бақылау дағдысы қалыптасады. Үшіншіден, өзінің жеке басының мүмкіндіктері мен қабілетін ескере отырып үлкен көлемдегі жазба жұмыстарын өз бетінше шығаруға кететін өз уақытын жоспарлауға дағдыланады. Төртіншіден, әр оқушының білім деңгейіне қарай тапсырмаларды әр түрлі деңгейде алуға болады. Модульдік сабақ өтілген тақырып бойынша сыныптағы барлық оқушының білімін тексеріп бағалауға мүмкіндік береді. Деңгейлеп оқыту – деңгейленген тапсырмалар беру арқылы оқушының білімін анықтау. Осы әдіс арқылы әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізуге, әр оқушының интелектуальдық даралығын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл арқылы оқушылардың сабаққа, білімге деген қызығушылығының артуы, ой жүйесінің дамуы, саналы білім алуы сияқты жетістіктерге жетуге болады деп ойлаймын. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін қолданылатын әдістер:

1.Топтап, жұптап оқыту әдісі;

2.Оқытудың коллективтік әдісі;

3.Шаталовтың іріленген блокпен оқыту әдісі;

4.Әрдниевтің дидактикалық бірліктерін ірілгендіру әдісі;

5.Жанпейісованың модульдік оқыту әдісі.

Модульдік оқыту әдісіне құрылған сабақтың артықшылығы уақыт тиімді пайдаланады.

Оқушылардың шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс істеуге мүмкіндік туады.

Бірінші кезең: (2 сағат)

Сабаққа өтуге қажетті іріктеліп алынған тақырыптарды жан-жақты түсіндірем. Оқушыларға қажетті сызбалар мен түсініктемелер қысқаша дәптерге жазылады.

Екінші кезең: (2 сағат)

Тақырыптардың арасындағы логикалық байланысты көрсету .

Үшінші кезең: (4 сағат)

Оқушылардың өз бетімен теориялық білімді меңгеруі. Теориялық білімдерін жетілдіру әрбір тақырып бойынша оқушылар дайындалып баяндама жасайды. Мысал келтіріп әрбір тақырыпты қортындылап отырады.

Төртінші кезең: (4сағат)

Қосымша материалдарды пайдалана отырып күрделі есептер мен мысалдар шығарады.

Бесінші кезең: (2сағат)

Өз бетімен жұмыс, есептер шығару, теориялық алған білімдерін көрсету.

Алтыншы кезең: (2сағат)

Шығарған есептерге қорытынды жасау, есептер қарастыру.

Жетінші кезең (2сағат)

Оқушылардың өз бетімен теориялық білімін меңгеруге арналған өзіндік жұмысы.

№1

1.Шектеусіз монотонды тізбектің шегі яғни шектеусіз кіші шаманың және шектеусіз үлкен шаманың шегі және оның қасиеттері.

№2

1.Тізбектің шегі және шегін табу теоремалары.

№3

1.Тізбектің шегінің болу белгісі және рекуренттік түрде берілген тізбектің шегі.

№4

1.Шектеусіз кемімелі геометриялық прогрессияның қосындысының формуласы.

Күрделі есептер: кітаппен, дәптермен жұмыс, қосымша материалдар пайдалану.

Сонымен қорыта айтқанда модульдік технология негізі – оқушының танымдық белсенділігін, танымдық іс-әрекеттерінің әр түрлі іс-әрекеттерін (есту, көру,т.б.) ойлау, зейін қабылдау әрекеттерін дамыту. Енді бір пайдалы жағы – бірізділігі, жүйелілігі, дарынды оқушылармен жұмыс істеуге қолайлы. Оқыту модулі үш құрылымдық бөлімдерден тұрады: кіріспе, сөйлеу, қорытынды.

Автор:
Райкүл НҰРҒАБЫЛОВА, Мұсабек атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп математика пәнінің мұғалімі. Көксу ауданы.