Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚҰСТАР-БІЗДІҢ ДОСЫМЫЗ


25 ноября 2011, 07:40 | 8 103 просмотра



Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға жайлы құстардың түрі,ерекшелігі пайдасы жөнінде мағлұмат беру.Қазақ халқының құстарды қадірлеп,әр нәрсеге балап қастерлегені жөнінде түсіндіру.

2.Құстар туралы олардың ерекшелігі жөнінде оқушылардыңой-өрісіменесте сақтау қабілетін дамыту.

3.Құстарды қорғауға,қамқор болуға,табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:сынып сағаты

Сабақтың көрнекілігі:құстардың суреттері,интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Психологиялық даярлық.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Ой шақыру.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Көктем жайлы өлеңдер оқу.

1-оқушы:Дала гүлге бөленді

Қуанышқа кенелді.

Орман, тоғай бақтарға

Құстар сайрай жөнелді.

Өйткені бұл көктем ғой!

Шұғыласын төккен гой!

Мұғалім: Құс табиғат байлығы. Жер бетінде 8600-ге жуық құстардың түрі бар. Біздің елімізде 474 құстың түрі бар. Көктемде құстар оңтүстіктен оралады. Құстар-достар дегендей адамдардың ең жақсы көретіні-құстар. Құстарсыз орманның сәні келіспейді. Құстардың дауысы орманға бір сиқырлы көрік беріп тұрады. Құс табиғатқа тек көрік беріп тұрады десек онымыз дұрыс болмас себебі, құстардың тіршілігі орман,бау-бақша зиянкестерді жойып, адамға көп көмегін тигізеді. Алакөл өңірінде сұржақ, ала гагара, бірқазан,сұңқылдақ, аққу, ақбас үйрек, реликті шағала, үкі, жапалақ тіркелген.(тақтаға құстардың суретін көрсету).

2-оқушы: Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі-құстар. Халық ежелден –ақ құстарға әуес. Оларға сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы көретін адамдарын құсқа теңеу арқылы ол ықыласын көпке аян етеді.

3-оқушы:Халық өз ортасынан шыққан саңлақ ұлдарын сұңқарға теңесе ,төгілте ән шырқайтын әншісін бұлбұлға, Отан үшін жанын қиятын ерлерін қыранға елден асқан сұлуын аққуға теңеген.

4-оқушы: Құстар-біздің досымыз

Шырқап әнге қосамыз.

Құстар-біздің досымыз,

Көктем сайын тосамыз.

5-оқушы: Құстар тойын құттықтап,

Қуантамыз қолдаймыз.

Ұя жасап, ұқыптап,

Біз оларды қорғаймыз.

ІІІ.Анаграмма «Құстар»

ҮІК-

ҚУАҚ-

ӨККЕК-

ДАҚЫЛТОҚ-

ҒАШҚАРЛЫ-

НАТЫР-

КІТБҮР-

ШІНГЕРКӨ-

4.Аңыз ертегі «Қарлығаш пен дәуіт»

5. «Табиғат сырын құстар да біледі»

1.Қыста қаздар қаңқылдаса, күн жылы болады. Аяқтарын бауырына тығып жатса, күн суытады боран соғады.

2.Қарғалар трптанып қарқылдаса, аяз болады, ал аспанда ұшып жүріп қарқылдаса қар жауады.

3.Егер торғай дыбыс шығармай бұтақта қонақтап отырса, жел болмайды.

6.Құстар туралы мақал-мәтелдер.

1.Ақ сұңқар ұшар жем үшін,

Ер жігіт туған ел үшін.

2.Бала бүркіт барлап ұшар.

Балапан бүркіт шарлап ұшар.

3.Аққу құссыз-көл жетім,айтылмаған-сөз жетім.

Қарға баптанып сұңқар болмас,

Есек мақтанып тұлпар болмас.

4.Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады.

5.Бұлбұлға бау жақсы,кекілікке тау жақсы,

Ер жігітке бәрінен туып өскен ел жақсы.

7.Ең... ең... ең...

1.Жер бетінде ең алып құс-африкалық түйеқұс. Жер бетінде ең кіші құс-калибр салмағы 1,5 грамм.

2.Құстардың ішіндегі ең жүзгіші-пингвин. Ол сағатына 30 шақырым жерге дейін жүзе алады.

3.Құстардың ең қырағысы-сұңқар. Ол 1км қашықтықта титімдей жәндікті көреді.

8.Сабақты қорыту:

Автор:
Г.Т.ТЕЛЕУБЕКОВА Үшарал қаласы №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алакөл ауданы