Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНІҢ ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТАДА ӨТКІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ»


23 декабря 2011, 07:50 | 2 272 просмотра


Қазақстан президенті Н.А.Назарбаев 2008 жылдың 13 қарашасында Астанадағы Конгресте сөйлеген сөзінде: XXI ғасырдың өзінің жаһандық мәселелеріне қарамастан, жаңару ғасыры. Ол сіздердің ғасыр дарындыландыру ғасыры деп айтқаны белгілі. Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бір тармағы – білім беру саласы дейтін болсақ, жоспарлау жұмыстарын өзінше бір ерекше қарқынмен іске асыруда.

Сондықтан да біз әлеуметтік жобалауды бүгінгі оқушы жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеудің және олардың азаматтық позициясын шыңдаудың ұтымды да тиімді жолының бірі деп есептеймін. Елбасымыз әр қашан өз сөзінде елімізбен оның жас ұрпағының алдында тұрған міндеттерді нақтылай келіп, біз жаңа ғасырдың талаптарына тез бейімделіп, қатаң бәсекелестікке дайын болуға тиіспіз. Мен жастардың жылма - жылғы жолдаудың мағынасы мен мәнісін түсініп, оның идеяларын ұғынғанын қалаймын. Себебі, бүгінгі жас ұрпақ ертеңгі - білгір маман, мемлекет болашағы. Мемлекетіміздің қар-қынды дамуына 50 мемлекеттің қатарына кіруге өз үлесін арттыруда. Мектептегі интерактивті тақта да мұғалімдердің жұмысын жеңілдете түсуде. Ағылшын тілі пәнінің интерактивті тақтада өткізудің тиімділігі, оқушылардың қызығушылықтарын арттырады, және де мұғалімдердің сабаққа дайындығын нығайта түседі. Әр сыныпта өткізілетін сабақты интер-

активті тақтамен дайындалған мұғалімнің де беделі артады. Сондай - ақ, 5,6 сыныптардың тақырыптары яғни ауа райы, жыл мезгіл-

дері, зат есімдер, аспаптардың аттары, түстер, мамандық аттары, сан есімдер, ұлт аттары, бөлме аттары, сұраулы сөйлемдер, ел аттары, табиғат т.б. көптеген тақырыптар-

ға интерактивті тақтаның атқаратын орны ерекше. Ал 7,8,9 сыныптардың электронды оқулықпен, дискімен жұмыс, мәтіндерді оқу барысында яғни, оқушылардың есту және сөйлеу мәнерін дамыта түседі. 10 – 11 сыныптарда интерактивті тақтаның үлесі сол, тестке дайындау жеңілдейді. Сондықтан да, біз әлеуметтік жобалауды бүгінгі оқушы жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеудің және олардың азаматтыққа позициясын шыңдаудың ұтымды да, тиімді жолының бірі деп есептеймін.

Автор:
М.Б.ҚҰТПАНБАЕВА, № 49 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Сарыөзек кенті, Кербұлақ ауданы.