Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

СУ.СУДЫҢ ҚАСИЕТІ


27 января 2012, 09:57 | 5 191 просмотр



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың су туралы ұғымын еске түсіре отырып, бүгінгі сабақпен ұштастыру, табиғаттағы су айналымымен таныстыру, оның табиғаттағы маңыздылығын түсіндіру, теориялық және практикалық жүзінде анықтап, қорытындылап бекіту.

Дамытушылық: оқушылардың ақыл-ой, ойлау, еске түсіру, есте сақтау, қиялын, зейінін, сөздік қорын, сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілікке, жинақылыққа, уақытты үнемдеуге, өз ойын еркін айта отырып, өзгелердің ойына сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі: СТО элементтерін қолдану, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ыдыстар, тастар, карточкалар, сандық, Қазақстанның картасы.

Сабақтың өзара байланысы: салауаттану, математика, бейнелеу, қазақ тілі

Сабақтың барысы.

I.Ұйымдастыру кезеңі.

А) түгендеу.

Ә) сабаққа әзірлеу.

II.Өткенді қайталау.( пайдалы қазбалар)

(сұрақ-жауап)

1.Пайдалы қазбалар дегеніміз не?

2.Пайдалы қазбалар нешеге бөлінеді?

-жанғыш пайдалы қазбалар.

-кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.

3. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар дегеніміз не? Оларға нелер жатады?

Оқушылардың жауабы.

(мұғалім сандықты үстел үстіне қояды)

Әр топ сандықтан бір тасты алады да, тас-

тың атын және сол жайлы мағлұмат береді. Қазақстанның картасынан тас қай жерде өндірілетінін көрсету керек.

III. Жаңа сабақ

(сұрақ-жауап)

1.«Су» жайлы не білесіңдер?

–Балалар осы пайдалы қазбаларды өндіріп алу үшін не керек? (су)

- Судың құрамына нелер кіреді?(Судың құрамына сутегі, оттегі, қосындылар мен минералды тұздар.)

- Судың құрамында оттегі бар екенін қалай дәлелдеуге болады? (Егер стақанға су құйып, оны біраз уақытқа қалдырсақ, стақанның қабырғасында көпіршіктер пайда болады, бұл ауаның көпіршіктері, яғни, судың ішінде оттегі бар.)

Бірінші топ. Судың үш күйін көрсетеді. (оқушылар үйден дайындап келген мұзды (судың қатты күйі), су құйылған стақан (сұйық күйі), термос (судың бу күйі) әкеледі.

Екінші топ. Судың қасиетін тәжірибе жүзінде көрсетеді. (стақан, түсті қарындаштар, кәмпит, тұз, түрлі пішінді ыдыстар, қасық)

Үшінші топ. Судың пайдасы, адамның суға деген әсері, өзара табиғи құбылыстар. (суреттер, тірек сызбалар, мүсіндер).

Қорытынды. (слайд)

Мұғалім. (глобус)

-Біздің жер шарымызда су мөлшері өте көп. Жаңбыр жауады, қар ериді, мұзға айналады. Одан бұлақтар пайда болады. Олар өзенге барып құяды. Өзендер суды мұхитқа барып құяды.

- Ендеше, неліктен мұхит суы тасып, жер бетін басып кетпейді?

(оқушылардың жауабы)

-Өте жақсы. Мен сендердің жауаптарыңды тыңдап шықтым. Енді кімнің жауабы дұрыс екенін өздерің шешесіңдер.

(интерактивті тақтада «табиғаттағы су айналымы» сурет бейнеленеді)

Күн сәулесі қызуынан мұхит, теңіз, көл, өзен сулары буланып, ауа қабатына барады.

-су неліктен буға айналды? (су ысығанда, су буланады.)

Топырақтан, өсімдіктерден, жануарлардан да су бу күйінде бөлініп, ауа қабатына көтеріледі. Көзге көрінбейтін су буы ауаның ағысымен, қозғалысқа түседі. Ол бұлтқа айналады.

-балалар, неліктен су бұлтқа айналады? (су жоғарылаған сайын ауа райы температурасы төмендейді. Содан су бұлтқа айналады.)

Құрлыққа жауын-шашын арқылы қайтып оралады. Бірақ ұзақ тұрақтамайды. Күн қыздырғанда қайтадан ауаға ұшып шығады.

Жауын-шашынның бір бөлігі топыраққа сіңеді. Онда өсімдік қорегіне айналып, құрлықты жасыл жамылғысына орайды. Жайқалып шөптер, бұйраланып бұталар, бой түзеп ағаштар өседі.

Топырақ қабатынан өткен су сүзіліп тазарады. Онша терең сіңбеген су бастау бұлақ түрінде жер бетіне шығады, өзендерге құяды. Терең қабаттарға жиналған жер асты суын құдық қазу арқылы пайдаланады.

Міне, осындай табиғаттағы су айналымы үнемі қайталанып отырады.

1. Тәжірибе.

–Суды қайнатамыз, оның үстінде суық зат тұрады (айна). Зер салып қарайық. Су қандай күйге айналып жатыр? (су қайнап, шәйнектен бу шығып жатыр. Бу айнаға көтеріліп барады. Айнада су тамшылары пайда болады.)

-су тамшылары қайдан пайда болды? (ыстық судың буынан пайда болды.)

-неліктен су тамшылары пайда болды? (бу, суық затпен қосылса, ол қайта суға айналады.)

-су тамшылары губкаға түсіп, жартысы мұхитқа түсті.

-қорытынды жасайық. Су қайнап, бу күйіне айнала бастады. Бу суық затпен қосылып, қайта суға айналды. Су губкаға (құрлық), жартысы мұхитқа түсті. Нәтижесінде су айналымы пайда болады.

-оқушылардың табиғаттағы су айналымын қаншалықты ұққандығын тексеру мақсатымен интерактивті тақтада бір шағын слайд көрсетіледі. Оқушылар соны көре отырып, қорытынды шығарады және сол слайдқа қарай отырып өздері «табиғаттағы су айналымын» түсіндіреді.

IV. Дәптермен жұмыс.

А) оқушылар табиғаттағы су айналымын өзерінше көзге елестетіп салады.

Ә) бір оқушы тақтаға шығып, өзінің суретін салады.

Б) Тірек сызба. Күн сәулесі\су буы ауа қабаты\бұлт\жауын-шашнын.

Г) «Бес жолды өлең» құрастыру.

Зат есім. (1)

Етістік (2)

Сын есім (3)

Сөйлем (4)

Мәндес сөз (1)

VI. Бекіту

-оқушылардан тест алынады.

-оқушылар бір-бірімен өзара алмасады. (дұрыс жауабы интерактивті тақтада көрсетіліп тұрады.)

-оқушылардың бағасын графикпен көрсету.

V. Қорытынды.

А)бағалау.

Ә)үй тапсырмасы (51/52 беттерді оқу, су тақырыбына өлең, не ертегі құрастыру.)

Автор:
З.А.НҮСІПБАЕВА, Бастауыш сынып мұғалімі Ә.Жангельдин орта мектебі Ұзынағаш ауылы