Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті


27 января 2012, 09:58 | 3 693 просмотра



Сабақтың мақсаты:

1) Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті жайлы оқушылардың түсінігін арттыру

2) Оқушылардың ойлау, іскерлік қабілетін дамыту

3) Адамгершілік эстетикалық тәрбие беру

Сабақтағы пән аралас байланыс: әдебиет

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, әдеби кітаптар, буклет

Сабақтың түрі: тірек-сызба

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру

ІІ. Кіріспе сөз.

Қазақ әдебиеті екіге бөлінеді: 1-ауыз әдебиеті, 2-жазба әдебиеті

Ауыз әдебиетінің салалары өте көп. М.Әуезов «халқымыздың ауыз әдебиетін гректердің мәрмәр тастан жасаған ғимаратынан да артық санаған».

Мақал-мәтелдердің маңызы зор. Ол жастарды терең ойлылыққа баулиды. «Сүйреп қосқан тазы түлкі алмайды», «Жастық-жалын, кәрілік-құлшылық», «Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме», «Батыр бір өледі, қорқақ мың өледі».

ІІІ. Қорытынды: Халқымыздың ауыз әдебиеті атадан балаға жалғасып келе жатқан таусылмас алтын қазына, сарқылмас бұлақ.

IV. Бекіту сұрақтары: 1. Ауыз әдебиеті деген не?

2. Ауыз әдебиетінің түрлерін ата

V. Үйге тапсырма: §24 оқу, түсіну

Автор:
Б.Ө.БАЙТУРОВА, «Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесінің тарих пәнінің мұғалімі